Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ күресінен «Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Қазақ күресінен «Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Жекелеген өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдары мен ірі қараны ерікті агросақтандыру механизмі жұмыс істейді. Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру операторы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. Айта кету керек, бұрын сақтандыру төлемдері субсидияланған болса, енді жаңа ереже бойынша, сақтандыру сыйақылары субсидияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Соған сәйкес, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының аумағындағы дәнді және майлы дақылдарды сақтандыруға болады. Мал шаруашылығында «ірі қараны сақтандыру» бекітілді. Тәуекелдердің қатарына инфекциялық және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың қасақана жасайтын әрекеттері, қауіпті табиғи немесе стихиялық құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – найзағай түсу, жыртқыш аңның шабуылы, қауіпті жарақат және т.б. кіреді.

*****

Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 3 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстары орналасқан. «Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл» аймаққа кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді. Сонымен қатар кеше ғана «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті. 

*****

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда сегіз бала әткеншектен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болған. Кейбірінің жіліншігі сынып, 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

***** 

Австралия үкіметі бүгіннен бастап, соңғы екі апта ішінде Үндістанға барып қайтқан азаматтарына елге кіруге уақытша тыйым салды. Австралия Денсаулық сақтау министрі Грег Ханттың мәлімдеуінше, бұл шешім Үндістандағы Covid-19 таралуының ушығуына байланысты. Тыйым барлық азаматтарға, соның ішінде австралиялықтарға қатысты. Тыйымға бағынбағандар 25 мың мен 51 мың АҚШ доллары аралығында айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ресми мәлімет бойынша, өткен 24 сағатта Үндістанда коронавирустан 3689 адам көз жұмды. 

*****

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу өтті. Бабы келіскен 26 балуан бақ сынап, шілде айында елорда төрінде өтетін дүбірлі дода «Қазақстан Барысы» турниріне жолдаманы сарапқа салды. Тартысқа толы белдесулер нәтижесінде Олжас Шынкеев топ жарып, алтын белбеуді иеленді. Екінші орынды Айбат Сейтен алса, үшінші орын Нұрбек Досмұханбетовке бұйырды. Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуан «Қазақстан Барысында» бас қаланың намысын қорғайды.