Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл елордада 16 мектеп салынады

Биыл елордада 16 мектеп салынады

Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша ең көбі Алматы , Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 330071 ге жетті. Оның 281708 –і жазылды. Күні кеше 1366 науқас емделіп шықты.

*****

Коронавируспен күрес бағытында Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысына өзгеріс еңгізілді. Бұған дейін қызыл аймақтағы қызметкерлердің 80%-қашықтан, 20%-күндізгі режимде, Сары аймақта: қызметкерлердің 50%-қашықтықтан, қалғаны дәстүрлі түрде, Жасыл аймақта: қызметкерлердің 30%-қашықтықтан, 70%-күндізгі режимде жұмыс жасау туралы белгіленген. Қазіргі уақытта енгізілген өзгерістерге сәйкес қашықтан және күндізгі режимде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы өзгерген жоқ. Дегенмен, инфекцияға қарсы екпенің толық кезеңінен өткен және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырған барлық қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте Сovid-19-ға қарсы вакцина салдырмаған және соңғы 6 ай көлемінде вирус жұқтырмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс жасау форматына көшіріледі,-деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

*****

Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың штаммы тіркелді. Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. Бұған дейін Малайзия билігі эпиджағдайдың ушығуына байланысты аталған елмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын. Сонымен қатар, АҚШ билігі Үндістаннан өз еліне кіруге шектеу қойды. Бүгіннен бастап соңғы екі аптада Үнді елінде болған шетелдіктер Америкаға кіре алмайды. Айта кетейік, Үндістанда 20 млн-нан астам тұрғын індетке шалдығып, оның 220 мыңнан астамы қайтыс болған.

*****

Чехия коронавирусқа қарсы Pfizer/Biontech және Мoderna вакциналарының бірінші және екінші дозаларын енгізу арасындағы аралықты ұлғайтты. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екпенің екінші дозасы 42 күннен кейін салынатындығы туралы хабарлады. Ведомство осы арқылы екпемен қамтылатын тұрғындар санын арттырмақ.

*****

Ал Украина билігі Сovishield вакцинасының екі дозасы арасындағы аралықты 28 күннен 90 күнге дейін ұзартты. Бұл 4-12 аптадан кейін екінші дозаны енгізуді көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді. Қазір Украинада вакциналау үшін CoviShield препараты қолданылады. Ол Oxford/AstraZeneca-мен әзірленген және Үндістанда өндіріледі.

*****

Елордада мектеп санын арттыру жалғасады. Құрылыс жұмыстарына жеке қаражат та тартылмақ. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. Оның сөзінше, оқу орындарының құрылысы елорданың барлық ауданында, соның ішінде елді - мекендерде жүргізіліп жатыр. Биыл үлкен көлемдегі 16 мектеп салынбақ. Олар 40 мыңнан астам оқушы қабылдауға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік білім ордасын салу жоспарланған. Сонымен қатар инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектептің құрылысы қолдау тапты. Бұл шаралар үш ауысымда оқытатын, шамадан тыс жүктеме артылған мектептердің санын азайтуға мүмкіндік береді,-дейді Алтай Көлгінов.

*****

Қазгидромет бүгін ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 15- 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Павлодар және БҚО - да екпінді жел соғады. СҚО және Ақмола аймағында да жел соғып, түнде сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендейді. Түнде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысында 2 градусқа дейін, Нұр-Сұлтанда 1-3 градусқа дейін суытады.