Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу жұмыстарын жалғастыру керек - Ералы Тоғжанов

Кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу жұмыстарын жалғастыру керек - Ералы Тоғжанов

Халыққа елімізде қолданылатын вакциналардың қауіпсіздігін түсіндіру қажет. Тиісті тапсырманы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жүктеді. «Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге көшпелі пункттерді кеңінен қолданып, ауыл тұрғындарын барынша көп вакцинациялауды қамтамасыз етуі керек. Және де әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді, вакцина алғандар үшін жеңілдіктер беруді бақылауда ұстау қажет», - деді Үкімет басшысы. Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұл әсіресе қызмет көрсету саласында бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді.

*****

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу жұмыстарын жалғастыру керектігін баса айтты. «Бүгінде бұл бағдарламамен шектеу іс-шараларына қарамастан 650 мың адам қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Алайда, жобаны енгізу көрсеткіштері Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында әлі де төмен», - деді Ералы Тоғжанов.

*****

Үндістанда тәулігіне 400 мыңға дейін коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелуде. Осы ел аумағында таралған штамның тасымалдануына жол бермеу үшін біздің мемлекетіміз қосымша іс-шаралар қабылдады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, соңғы 14 күнде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға алынған анықтамасының болғандығына және коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан 14 күнге үй карантиніне оқшауланады. Айта кетейік, Үндістан коронавируспен ауыру деңгейі бойынша әлемде екінші орында тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 20 миллионнан асқан.

*****

Бразилия халқына Қытайдың «Синовак» компаниясы шығарған вакцинаның екінші дозасын салу уақытша тоқтатылды. Оған екпенің жетіспеушілігі себеп. Өйткені Қытайдан препаратты жеткізу баяулап қалған. Қазірге дейін бұл елге қытайлық вакцинаның 42 миллион дозасы жеткізілген. Препараттың 5 миллион доза көлеміндегі соңғы партиясы екі апта бұрын әкелінген.

*****

 ШҚО-да 175 адам өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін жазаланды. Қазір аймақта өртке қарсы алдын алу шарасы өтуде. Бүгінде 682 га аумақта 31 құрғақ шөптің тұтану оқиғасы тіркелді. Оқыс оқиға көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға немқұрайлылығынан болады. Осындай ережені елемегендерді анықтау үшін арнайы мобильді топтар құрылды. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде Шығыс Қазақстанда 175 адам өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.