Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 1,5 млн жуық адам вакцина алды — ҚР ДСМ

Қазақстанда 1,5 млн жуық адам вакцина алды — ҚР ДСМ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 153 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 600 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші – 2,1 %.

«Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 107-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр. Қазақстанда 4 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 330 071 науқас және КВИ- нәтижесімен 53 093 жағдай тіркелді», — деді А. Цой.

Жоғары эпидемиологиялық қатер аймағында 9 аймақ бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Өткен аптада Павлодар және Жамбыл облыстары қызыл аймаққа өтті. Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық қатер аймағында 5 өңір бар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары. 3 өңірдің «жасыл» аймағында: Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр. Ағымдағы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42% (15 517 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28% (962 төсек-орын) құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында — 60%, Алматы қаласында — 57%, Қызылорда облысында — 59%, Алматы облысында — 56%, реанимациялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында 62%-дан, Алматы қаласында — 52% байқалады. Бүгінгі таңда ҚР-да вакциналау үшін үш вакцина қолжетімді. Бұл Спутник V, QazVac және Hayat-Vax вакциналары. Шамамен 1,5 млн адам немесе вакциналауға жататын халықтың 15% егілді.

Вакцина алу қарқыны әр азаматтың туыстары мен жақындарының денсаулығына қамқорлық танытудағы саналы көзқарасына байланысты. Вакцинаны жеткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, ақпан айынан бастап сәуір айының соңына 2,3 млн доза вакцина жеткізілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 20%-ына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Вакцина өндірушілермен келіссөздер тұрақты негізде жалғасуда.

«Вакциналау қарқынды жүріп жатқанын атап өткім келеді, мысалы, 1 сәуірмен салыстырғанда бірінші және екінші дозасын алғандар тәулігіне 12 есе, яғни тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте 11 мың медицина қызметкері, 1000-нан астам стационарлық егу пункттері және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылды. Вакциналау пункттері 2 ауысымда сағат 24.00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді», — деді ведомство басшысы.

Вакциналау науқаны басталған сәттен бастап Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцинаның 1,8 млн-ға жуық дозасы қолданылды. Сонымен қатар, өңірлердің әкімдері қазір ауыл тұрғындарын вакциналауға назар аударуы қажет, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалану қажет.

Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады, оның ішінде ашық аспан астында қызмет ететін нысандар үшін, спорттық іс-шаралар өткізуде, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметінде уақыт бойынша бірқатар шектеулерді алып тастау, жеңілдіктер беру бар. Критерийлерге жаңа нысандар енгізіліп, олардың қызмет ету тәртібі анықталды: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фудтар және т. б. сияқты қоғамдық тамақтану объектілері.

«Қызыл аймақтағы» супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысына уақыт бойынша шектеулер алынып тасталды және жексенбі күндері ашық базарлардың жұмысына рұқсат етіледі.

«Қызыл аймақта» және «сары аймақта» діни объектілердің ашық аспан астында, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей (қолданыстағы редакциясында - ұжымдық іс-шаралар өткізбей) жұмыс істеуіне рұқсат етілді; «жасыл аймақта» мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (үй-жайда) жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 02.00 дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес болғанда, ұлғайтылды.

«Жасыл аймақтағы» компьютерлік клубтардың, боулингтердің қызметі — толымдылығы 30%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеуге рұқсат, толымдылығы 75%-дан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін); «Сары аймақта» көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат, толымдылығы – 15%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – тыйым салынады.

«Жасыл аймақта» облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар кезінде толымдылығы 15 адамнан 25 адамға дейін арттырылды.

Критерийлерге қосымша жаңа объектілер енгізілді және олардың қызмет тәртібі анықталды:

жазғы алаңдарда — «қызыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 9-дан 20.00 дейін; «сары аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 24.00 дейін; «жасыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 2.00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында — «қызыл аймақта: сағат 24.00-ге дейін; «сары аймақта» және «жасыл аймақта» аймақта: тәулік бойы;

ашық аспан астындағы стрит-фудтар, аттракциондар қызметі.

А. Цойдың айтуынша, КВИ-ға қарсы вакциналанғандар санының біртіндеп артуына және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез-келген түрінде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахта жұмысшыларына, демалыстан, іссапардан кейін медициналық қызметкерлерге, ауырып қалуына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттеріне және т.б. ПТР тесті қажет емес. CОVID-19 расталған жағдайда олармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі; кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыспайды. Сондай-ақ, 26 сәуірден «Ashyq» бағдарламасы барлық өңірлерде қолданыла бастады, 3 мыңға жуық қатысушы, 650 мың пайдаланушы тіркелді, шамамен 900 КВИ науқас және олармен байланыста болған 700 тұлға анықталды.

«Күн сайын тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркеліп отырған Үндістандағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндістан аумағында таралған штаммның әкелінуінің алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға анықтамасының және COVID-19-ға қарсы вакциналануына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануы (үй карантині) тиіс», — деп түйіндеді А. Цой.


Дереккөз: primeminister.kz