Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

– Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.