Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада қыз балаларға арналған хоккей секциясы ашылады

Елордада қыз балаларға арналған хоккей секциясы ашылады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау бойынша әкімдіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы қозғап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының әрбір жеңімпазының өз тарихы бар. Олар - еліміздің талантты әрі қойған мақсатына жете алатын тұлғалары. Жоба өкілдерінің арасында әртүрлі салада қызмет ететін адамдар бар. Олардың қатарында ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін реабилитолог, әлемдік әдебиет шығармаларының аудармашысы, оқушыларға пәнді түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың жүректерінде пәндерді оқуға деген сүйіспеншілікті оята алатын мұғалімдер де бар. Сондай-ақ робототехника, экология, медицина, заманауи өнер, IT, инженерия және сәулет, ғылым және инновация, спорт және т. б. салалардың өкілдері де бар.

Бұл прогрессивті жастардың әдемі әңгімелері ғана емес, өз мысалында мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдейтін, өз тәжірибесімен бөлісетін және жобаларды өмірде жүзеге асыратын адамдар туралы.

Бүгін АҚШ хоккей клубының жаттықтырушысы болған Бұлбұл Қартанбаймен кездестім. Ол аталған спорт түріндегі алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр. Бұлбұлмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өз тарапымыздан оған елордамызда қыздарға арналған хоккей секциясын ашуға көмектесеміз.

Спорт - әрқайсымыздың өмірімізде маңызды рөл атқарады. Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау үшін қажетті жағдайлар жасаймыз: спорт нысандарын жөндейміз, жаңа спорт кешендерін ашамыз, мысалы, Елбасының тапсырмасы бойынша "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық кешені салынды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) мен аулаларды абаттандырамыз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияларды қолдаймыз. Осының барлығы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға, сол арқылы өзіміздің болашақ спорт жұлдыздарымызды және сапалы жаттықтырушылар құрамын өсіруге, сондай-ақ қала тұрғындарын бұқаралық спортқа баулуға, елордамызда халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге және т.б. мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, "100 жаңа есім" жобасы қазақстандық арманның нақты іске асуы болып табылады. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсат қоя білетін адам біздің заманымыздың батыры және ұлт мақтанышы бола алады», — деп жазды елорда әкімі.