Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды

Қазақстан тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды

Қазақстанның көлік полицейлері қос азаматтығы бар Түркия азаматына 600 мың теңгеге жуық айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған Түркия азаматын анықтап, ұстады. Тексеру барысында көлік полицейлері «Стамбул-Алматы» бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген Қазақстан мен Түркияның азаматтығы бар 32 жастағы әйелді әкімшілік жауапқа тартты. Оған белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды»,-делінген хабарламада.

*****

Әлемде шикізат бағасы күн санап өсіп келеді. Болат пен мыс, жүгері мен какао бұршақтарына дейінгі шикізат құны күрт өсе бастады. Әсіресе, соңғы бірнеше жылда аталған тауарлар қатты қымбаттаған. АҚШ Федералды резервтік жүйесі мен орталық банктер инфляцияға алаңдамай, экономикаға қаржы құюды жалғастыруда. Демек, түпкілікті өнімнің қымбаттауына әкелетініне қарамастан, шикізат бағасының күрт өсуі де жалғаса береді деді сарапшылар. Соңғы жылдары мыс бағасы 90% -ке өсті. Негізгі себеп – Батыс елдерінің жаңғыртылатын энергия көздерін ынталандыруы. Ал Қытайдың болат пен алюминий өндірісін қысқартуына байланысты болат қымбаттады. Астық бағасы да өскен. Өткен жылы жүгерінің құны екі есе, ал соя тағамдары 40 %-ға көтерілген.

*****

Израиль шекарасын қайта жауып жатыр. Билік елге коронавирустың жаңа штамы кіре ме деп алаңдаулы. Себебі екпелердің COVID-19-дың жаңа түрлерінен қорғайтыны туралы мәлімет аз. Сондықтан жаңа штамдарға тосқауыл қою үшін Үндістан, Бразилия, Украина және Мексикамен әуе байланысы шектелді. Шетелден келушілер жіті тексеріледі. Қызыл аймақтан келген азаматтар екі күндік карантиннен өтуі тиіс. Қазірге дейін бір азаматтан чилилік және 60 адамнан үндістандық штам анықталған. Елде егде жастағы адамдарды вакциналау оң нәтиже беріп, вирусты жұқтырғандар күн сайын азаюда. Соңғы күндері коронавирус тек 50 адамнан анықталды. 

*****

Қазақстан тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионатын қабылдайды. Жарыс 2021 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Азия біріншілігі биылғы маусымның ең басты додасы болады. Чемпионатта 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында, сондай-ақ командалық эстафетадан жүлделер таратылады. 19 жасқа дейінгі атлеттер 750 метрге жүзуден, 20 шақырымдық веложарыстан және 5 шақырымға жүгіруден жарысады. 23 жасқа дейінгі атлеттер олимпиадалық қашықтықта, яғни 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымға велосипедпен жарысудан және 10 шақырымға жүгіруден сынға түседі. 

*****

Чемпиондар Лигасының жартылай финалында «Манчестер сити» өз алаңында «Пари Сен-Жермен» командасын қабылдады. Қарымта матчта ағылшындықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Хосеп Гвардиола шәкірттері тарихта алғаш рет турнирдің финалына жолдама алып отыр. Бірінші кездесуде де «Ман сити» 2:1 есебімен басым түскен еді. Айта кетейік, финалдық ойындар 29 мамырда өтеді. Алда әлі «Реал» мен «Челси» ойыны бар. Жеңіске жеткені финалда «Ман ситимен» шеберлік байқасады.