Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды

12 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

*****

Қазақстандықтар Риддерде өрттен зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр. Арнайы ашылған есепшотқа бюджеттік мекеме мен жеке компания қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аударуда. Алғашқы материалдық көмекті Серікбаев атындағы техникалық университет ұжымы көрсетті. Оқу орны азық-түлік пен гигеналық заттар әкелді. Аймақтағы қарапайым тұрғындар да қажетті заттарды жинап жатыр. Өрттен баспанасыз қалған тұрғындар қазір Риддердегі қонақ үйлер мен жатақханаға және сауықтыру орталығына орналасты. Енді олар осы жерде жаңа баспана салынғанша тұрады. 

*****

Республикалық бюджеттің игерілмеуінің негізгі себептері – конкурстық рәсімдеудің ұзақ өткізілуі және уақытылы өткізілмеуі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты. Оның айтуынша, республикалық бюджет бойынша сомасы 4,8 трлн теңге жұмсалды. 20 млрд. Теңге пайдаланылмай қалған. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңге игерілмеген. «Игерілмеген неғұрлым ірі сомалар Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінде болған. Оның негізгі себептері – конкурстық рәсімдеудің ұзақ өткізілуі және уақытылы өткізілмеуі, - дейді Қаржы министрі. 

*****

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Сонымен қатар ол «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2021 жылғы 6 мамырға дейін 1,2 трлн теңгеге 127 578 өтінім келіп түскенін мәлімдеді.

***** 

Енді Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары Enbek.kz – Электронды еңбек биржасы порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн ала алады. Ол пилоттық жоба ретінде былтыр қарашада іске қосылған. Биыл 5 қаңтардан бастап бұл мүмкіндік республиканың 40 қаласының тұрғындарына, ал мамырдан бастап барша қазақстандыққа берілді. Еңбек биржасындағы "Жеке кабинетте" қазақстандықтар жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңін қадағалай алады. Сондай-ақ азаматтардың «жұмыссыз» статусын алғаннан кейін әлеуметтік төлемге онлайн өтінім жіберуге мүмкіндігі бар. 

*****

Pegasus Airlines әуекомпаниясы 23 мамырдан бастап Ыстамбұлдан Шымкентке тікелей рейсті жаңартады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Компания мәліметінше, 23 мамырдан бастап әр жексенбіде ұшақ Ыстамбұлдан Шымкентке ұшады, кері бағытқа рейс дүйсенбі шығады. Билет құны шамамен 72 313 теңгеден басталады. Компанияның қазақстандық өкілдігіндегілер тасымалдаушының ақпаратын растады, бірақ ведомствоаралық комиссияның жаңа рұқсат беру қаулысы әлі шыққан жоқ.