Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2002 – Денсаулық жылы

2002 – Денсаулық жылы

Биыл, өз алдымызға тәуелсіз ел болып іргімездің бекігеніне 30 жыл толып отыр. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қауымдаста эконикасы қалыптасқан, саясатта салмағы бар қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Бұған жас мемлекеттің ширек ғасырдан астам уақытта жүріп өткен әрбір жылы куә. Біз бүгінгі хабарда тарихқа сәл шегініс жасап, 2002 жылға тоқталамыз. 

2002 жылы Қазақстан экономикалық бағытта сапалы дамуға қол жеткізді. Еуропа Одағы мен АҚШ жылдың басында Қазақстанды нарықтық экономикалы ел ретінде мойындады. Елдің экономикалық даму перспективаларына назар аударылып, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құлдыраған кәсіпорындар мен жекелеген ұйымдарға мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастады. Әсіресе ауылдарды көркейтіп, шаруашылықты дамытуға ерекше ден қойылды. 

2002 жылы негізінен сан бағдарлы сыртқы саясатымыздың жетістіктері де аз болмады. Сол уақытта Қазақстан әлемнің алпауыт мемлекеттерімен тең дәрежеде сөйлесіп, ықпалдастықтың ырғағын тең деңгейде ұстайтын дәрежеге жетті. Соның нәтижесінде Қазақ елі халықаралық аренада өзінің салмақты бағыты, ұстанған жолы бар, сондай-ақ ықпалдастық пен ынтымақтың тың бастамаларын дүниеге әкелген ел ретінде танылып үлгерді. Бұл сөзімізге сол жылы БҰҰ-ның бас хатшысы болған Кофи Аннанның елордаға ресми сапармен келуінің өзі нақты дәлел бола алады. 

Тәуелсіздіктің 11-ші жылы. Елбасының жарлығымен бұл жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. Расында, ұрпақтың келешегіне, ұлттың денсаулығына қатысты алаңдауға боларлық жағдай осы тұста қалыптасқаны шындық. Дәл сол кезеңде денсаулық сақтау саласындағы жағдай, жасыратыны жоқ, көңiл құлазытарлықтай деңгейде едi. Мәселен, сол кездің деректеріне сүйенсек, тұрғындардың орта жасының 64 жасқа тең екендiгi, мұның өзі ТМД елдерiнiң арасында ең төменгi көрсеткiш болып болғаны билік басындағыларды алңдайтпай қоймады. 

2002 ел үшін, елорда үшін ерекше жыл болды. Себебі сол жылы елорданың ғана емес, тұтас қазақ ұлтының символына айналған «Бәйтерек» монументі бой көтерді. Бұл тікелей Елбасының идеясымен жүзеге асқан бірегей ғимарат еді. Нысанның салтанатты ашылуы дәл сол жылдың тамыз айында өтті. Бүгінде аталған кешен тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкіпірнен туристер келетін орталыққа айналды. Елбасы жасаған сызба нұсқаның негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» монументі халықаралық байқауда ТМД елдері арасында 2002 жылдың ең үздік нысаны ретінде алтын медальмен марапатталды. 

2002 жылдың басында ҚР-ның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысымен кездесті. Кездесу барысында ЕурАзЭкономикалық Қауымдастық қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланды; ал сол жылдың 11-14 ақпанында Елбасы Үндістанға ресми сапар жасап, аталған елдің Президенті Кочерил Раман Нараянмен кездесті. Сапар шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев Делиде Абай атындағы көшеннің ашылу салтанатына қатысты. 

2002 жылдың 23 қазанында Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына 32 мемлекеттен келген 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтай әлем жұртшылығының алдында қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанынын тағы бір мәрте делелдеп берді.

Толығырақ аудионұсқада.