Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда білім беру нысандарына кіруге бақылау күшейтілмек

Қазақстанда білім беру нысандарына кіруге бақылау күшейтілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін! Ораза айт құтты болсын!», делінген құттықтауда.

*****

Қазақстанда білім беру нысандарына кіруді бақылау күшейтілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді. Онда Татарстандағы мектепте болған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды. Сонымен қатар, біздің еліміздегі білім беру мекемелерінің қазіргі қауіпсіздік жай-күйі және оқушылардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Отырыста оқу ошақтарына кіруді бақылау мен дабыл белгісін берудің тиісті техникалық құралдарымен нығайту бойынша шешімдер әзірленді. Жастар арасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен интернетті мониторингілеуді күшейту жолдары айқындалды.

*****

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 350 мыңнан асты. Өткен тәулікте 2 283 адамнан індет расталды. Ең көб Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Сонымен қатар науқастар бүкіл өңірде анықталды. алпы ел бойынша ауырғандар саны 350 591 ге жетті. Оның 307 464 ә жазылды. Күні кеше 2791 науқас емделіп шықты.

*****

Биылғы жылдың алғашқы үш айында дәрігерлерге үстемақы төлеуге 42 млрд теңге жұмсалды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, қор медициналық қоғамдастықтар алдындағы өз міндеттемелерін жауапкершілікпен орындап, тиісті үстемеақыларды уақтылы төлеп келеді. Өткен жылы денсаулық сақтау қызметкерлерін көтермелеуге шамамен 111 млрд теңге бағытталды. Ал осы жылдың қаңтар айында 50,5 мың, ақпан айында 51,7 мың, ал наурызда 53,2 мың медицина қызметкеріне үстемеақы есептелді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 42,4 млрд теңгеден асады», - деді Болат Төкежанов.

*****

Алматыда жойқын жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін құрылғы орнатылып жатыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Сейсмология институты 2018 жылдан бері «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді зерттеу және күшті жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесінің негіздерін жасау» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде. Жоба аясында институт жапондық шешім базасында тестілеу режимінде ерте хабардар ету жүйесінің 9 сейсмикалық станциясын орнатты. 2023 жылға дейін сейсмикалық датчиктермен, автономды қуат көздерімен жабдықталған тағы 28 станция орнату, сондай-ақ Сейсмология институты мен ТЖД-де диспетчерлік пункттер ашу жоспарлануда,-дейді әкім. Жүйе автоматты режимде жойқын сейсмикалық толқынның қалаға жақындағаны туралы сигнал береді және тұрғындарға ерте ескерту жасалады. Хабарландыру Darmen мобильді қосымшасының көмегімен іске асады.

*****

«Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені». Бүгін Елордада дәл осындай тақырыпта халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция басталады. Шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Конференция Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған. Мақсаты - ұлттың үнжариясына айналған Қазақ радиосының ғасырлық тарихын зерделеу, радионың табиғаты мен оның қоғамдағы рөліне ғылыми баға беру, келешек дамуының бағыт-бағдарын айқындау. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған шараға елге танымал ғалымдар, прфессорлар және сала мамандары қатысады. Конференция материалдары жеке жинақ болып шығарылады.