Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені

Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС-мен бірлесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. 


Конференцияның мақсаты - ұлттың үнжариясына айналған Қазақ радиосының ғасырлық тарихын зерделеу, Қазақ радиосының мерейтойына қолдау көрсету, радионың табиғаты мен оның қоғамдағы рөліне ғылыми баға беру, келешек дамуының бағыт-бағдарын айқындау.


Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияға - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Н. Омашев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к, профессор Қ. Сақ, «Шалқар» радиосының директоры, философ. ғ.к. Б. Төлепберген, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А. Дуйшекеева (Қырғызстан), Кастамону университеті Өнер жане ғылым факультеті Қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С. Орхан (Түркия), Памуккале университетінің профессоры, PhD докторы Н. Бирай (Түркия), Халықаралық радиожурналистиканы зерттеуші ғалым, ф.ғ.к., профессор Р. Нуриден, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жабыл атындағы Қазақ әдебиеті мен фольклорын зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Ө. Әбдиманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. К. Қабылғазина, Қазан Федералды университетінің Журналистика және медиа коммуникация жоғары мектебі ұлттық және ғаламдық медиа кафедрасының профессоры, т.ғ.к. М. Айтуганова (Ресей, Татарстан), Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультеті деканының орынбасары Г. Алдашова (Қырғызстан), Қарағанды медицина университеті Тілдік дайындық кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ш. Жалмаханов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры, Қазақстан педагогика ғылымдарының академигі С. Досалы, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, әлихантанушы ғалым, ф.ғ.к. С. Жүсіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессорлары, ф.ғ.д. А. Салқынбай және ф.ғ.д. О.Жұбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ж. Әбдіжәділқызы т.б. елге белгілі ғалымдар мен сала мамандары қатысты.

Конференция барысында пікір білдірген «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Ернұр Көшерханұлы Бурахан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығымен құттықтап, университет ұжымына толағай табыстар тіледі.

«Университет осы жылдарда сапалы білім беру, терең ғылыми зерттеулер жүргізу мен білікті мамандарды даярлауда әрдайым көш бастап келді. Еліміздің абыройын асқақтататын дарынды жастардың шығуына елеулі үлес қосып отырған университет басшылығы мен оқытушыларына шығармашылық табыс пен жетістіктер тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз тек қана жеміс әкелсін»,- деді Ернұр Көшерханұлы.


Ғасыр құрдасы – Қазақ радиосының уақыт өткен сайын заман талабына сай жаңғырып келе жатқанын жеткізген радио басшысы радиоарналардың жұмыс бағытына, жетістіктеріне, өткізіп жатқан ауқымды іс-шараларына тоқталды.

1-қазан Қазақ радиосының әуетолқынына шыққанына 100 жыл. Алғаш 1921-жылдың күзінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Орынбор қаласынан хабар таратқан. Ғасыр куәсі болған қара шаңырақ, әр қоғамның тұсында әрқалай дамып, уақыт өткен сайын заман талабына сай жаңғырды. Қазір құрамына 4 бірдей (Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classic) радионы біріктірген «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» серіктестігі бүкіл қазақ даласын ақпарат таратады. «Qazaq radiosy» соңғы пандемияға бейімделіп, елдің әлеуметтік, құқықтық тақырыптардағы қажетін өтеуге бір жолата ден қойды. Ал «Shalqar» радиоарнасы болса, таза ұлттық бағыттағы таным, тарих пен пайым-парасаттың өзегіне айналды.

Қазір «Қазақ радиосы» 24 сағат FM диапазонда республиканың 89% аумағына тараса, «Shalqar» радиоарнасы елдің 64% тыңдайды. Сонымен қатар «Қазақ радиосы», ОТАУ ТВ спутниктік желісінде, Серіктестіктің qazradio.fm. ресми сайтында хабар таратады. 

«Биыл Қазақ радиосының ғасырлық тойы, «Шалқар» радиоарнасына 55 жыл, «Classic» радиоарнасының қызметіне 10 жыл болады. Атаулы даталар аясында тұңғыш радио жұмысын насихаттауға басымдық бере отырып, ірі қалалардағы көшелерге «Қазақ радиосы» брендінің қоғамда танымалдығын арттыру мақсатында: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда қалаларындағы көшеге Қазақ радиосы атауын берілді. Сонымен қатар Әнуарбек Байжанбаев атындағы дикторлар арасындағы республикалық байқауы, «Балапан саз» республикалық радиобайқауы басталды», - деп радиодағы жаңалықтарды атап өтті. 

Сондай-ақ жақсылыққа жанашыр болуға үндейтін айтулы жоба «Мың алғыс» телемарафонын ұйымдастырылды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы да жалпыұлттық жобадан қалыс қалмай, ғасырлық тарихы бар көпшілікке кеңінен таныс мерекелік концерт форматында өтетін дәстүрлі жоба биыл пандемия салдарынан телеформатқа ауыстырылды.     

Осы уақыт ішінде тек тілшілер емес, өнер адамдары мен мәдениет қайраткерлерін ұшырған алтын ұя – Қазақ радиосы жүз жылдығы қарсаңында Алтын қорындағы үздік үнтаспаларды тыңдармандарға қайта өңдеп ұсынып, жыл бойы ғасырлық мерейтойды айшықтайтын мазмұнды шараларды ұйымдастыруда.  

Биыл ел тәуелсіздігіне 30, Радио дикторы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90, Қазақ радиосына 100 жыл толып отыр.

Осыған орай Қазақ радиосымен Қазақстан жазушылар одағы бірлесе отырып, «Тәуелсіздік құрдастары» атты Республикалық жас ақындар мүшайрасын жариялайды.

«Тағы айта кететін басты жаңалығымыз Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында Ұлттың үнжариясында алғаш рет ұйымдастырылған «Наурыз-2021» халықаралық радиокөпірі 3 сағат көлеміндегі тікелей эфирге Қазақстаннан бөлек 7 ел Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстанның мемлекеттік радиоарналары қатысты. 

Сонымен қатар, тікелей эфирде Ресей, Франция, Австрия, Бельгия, Корея, Жапония азаматтары өз елдеріндегі Наурыз мейрамының атап өтілуі жайлы пікірлерін де білдірді», - деді Ернұр Көшерханұлы.

Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақ радиосының дәрісханасы ашылды.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 100 жылдығы жəне Бүкіл- əлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио əр тұрғынға жəне барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» VIІІ Халықаралық журналистика жəне коммуникация Қысқы мектебі онлайн форматта өтті.

Шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Өзбекстан, Тəжікстан, Қырғызстаннан журналистер, студенттер, оқытушы профессорлар, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек, ЮНЕСКО Кластерлік бюросы коммуникация жəне ақпарат мəселелері жөніндегі маман Сергей Карпов қатысып сандық радиотехнологияларды қолдану, жаңа білім мен тəжірибелік дағдыларды алу, радиожурналистика туралы білімді кеңейту мәселелері талқыланды. 

Сөз соңында Ернұр Көшерханұлы  «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» серіктестігінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен шығармашылық және кәсіби тығыз байланыста екенін жеткізді.

«Еліміздегі озық ЖОО-ның бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» серіктестігі шығармашылық және кәсіби байланысты нығайту мақсатында 2020 жылдың 23 ақпаныныда меморандумға қол қойылып сол кезде радиостудия базасында алқасөз, семинар, тренинг, видео-конференциялар өткізуге Ал серіктестік Журналистика және саясаттану факультеті студенттеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы редакцияларда оқу және өндірістік тәжірибеден өтуге жағдай жасауға қазақ руханиятының қарашаңырағы 100 жылдығын тойлар жылы ЕҰУ ширек ғасырға қадам басады, айтулы қос мереке қарсаңында бірлесе атқарар жобалар да жетерлік алда да екіжақты ынтымақтақтастық арқасында ауқымды жұмыстар атқарыла беретініне кәміл сенеміз деп түйіндеген едік.

ЕҰУ ректоры Ерлан Бәтташұлының бастамасы нәтижесінде университеттің білім мен ғылымға арналған өзекті жаңалықтарын баяндап, студент жастардың түйткілді сұрақтарына жауап іздейтін «Сұңқар» радиостудиясының алғашқы бірлескен хабары эфирге шықты және Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай Қазақ радиосының тікелей эфирінде «Заманмен сұхбат» атты жаңа бағдарлама 17 мамырдан бастап эфирге шығады сонымен қатар осы күзде университет жанынан радиостудия ашылады деп жоспарлап отырмыз",- деп түйіндеді радио басшысы.