Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкімет басшысы «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті

Үкімет басшысы «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Orano» директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді.

К. Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин «КАТКО»-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.


Дереккөз: primeminister.kz