Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада волейболдан Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған турнир басталды

Елордада волейболдан Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған турнир басталды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 162 миллионнан асып, 3 миллион 371 мыңға жуығы қайтыс болған. Жұқтырудан бірінші бестікке АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия кірді. Бір ғана Үндістанда індетке шалдыққандар саны 24 миллионнан асты. Және мұнда пандемия басталғалы осы инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 267 000-ға жуықтап отыр. Осыған қарамастан, елде вакциналау науқаны өте баяу жүріп жатыр. Бүгінге дейін Үндістанның 1 миллиард 350 миллиондай тұрғынының 2,8 пайызынына ғана екпе салынған.


*****

Ал әлем бойынша соңғы тәулікте Бразилияда ең көп науқас тіркелді. Кеше мұнда 85 мыңға жуық тұрғыннан вирус анықталған. Соңғы бір күнде 23 мыңнан астам адамнан індет расталған АҚШ-та толық вакциналанған адамдарға маскасыз жүруге рұқсат берілді. Мұны президент Джо Байден мәлімдеді. Ол елдегі саясаткерлердің ішінде алғашқылардың бірі болып бетпердесін шешіп, халыққа телевизиялық үндеу жолдады.

*****

Біздің елімізде бүгін 2505 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды мен Алматы облысында анықталып отыр. Науқастар басқа да өңірлерде тіркелді. Осылайша індет жұқтырғандар саны 355645-ке жетті. Оның 312 837-сі жазылды. Күні кеше 2669 науқас емделіп шықты.

*****

Қарағанды облысында шалғай қалалар мен аудандардың тұрғындары тұрғылықты жерлерінде білікті медициналық көмек ала алады. Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың мамандары мамыр-маусым айларында көшпелі кеңес беруді жоспарлап отыр. Олар Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарын, Жезқазған және Балқаш қалаларын аралайды. Көшпелі бригада құрамында білікті травматолог, хирург, невропатолог, окулист, ЛОР-дәрігерлер бар.

*****

Бүгін –халықаралық отбасы күні. Осыған орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды құттықтады.

«Мұраты биік мемлекет те, бірлігі берік қоғам да – ең алдымен бірлігі зор, берекесі мол отбасыдан құралады. Осындай отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды да қалыптастырады. Сондықтан Отбасы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен берекелі татулық тілеймін!» деп жазды министр Facebook парақшасында.

*****

Бүгін Қытай алғаш рет Марсқа ғарыш аппаратын сәтті қондырды. "Тяньвэнь-1" аппаратының миссиясы сәтті болған жағдайда, аппарат алынған мәліметтерді биыл жерге жібереді. Осы арқылы ғалымдар ұызыл планетадағы атмосфераны, жер бедерін, геологиялық сипаттамаларын, магнит өрісінің ерекшеліктерін зерттей алады. Дегенмен, басты мақсат - Марста тіршілік белгілерін табу.

*****

Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы «БАҚ лиганың» бірінші маусымы басталды. Бұл маусым қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған. Оны «Qazaqstan» РТРК, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан волейбол федерациясы ұйымдастырып отыр. Біріншілік 28 -маусымда аталып өтетін Журналистер күніне дейін жалғасады және онда 8 команда сайысқа түседі. Олардың арасында «Qazaq radiolary»-ның ұжымы да бар.