Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Олжас Сүлейменов және таза планета» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

«Олжас Сүлейменов және таза планета» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

2021 жылдың 18 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, әлемге танымал әдебиетші, лингвист-зерттеуші, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Олжан Сүлейменов және таза планета» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Конференция жұмысының бағыттары:

1.Жаһандану дәуіріндегі тіл мен мәдениет. 2.Қоғамдағы тұлғаның орны. 3.Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының өзекті мәселелері. 4.Қазіргі кезеңдегі педагогикалық және ақпараттық технологиялар. 5.Жасыл әлем және жаңа технологиялар. 6.О.Сүлейменов шығармашылығы және жастардың планетарлық санасы. 

Конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы, танымал ғалымдар, еліміздегі белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қаламгерлер, Олжас Омарұлының шетелдегі достары, ТМД мен Қазақстандағы ардагер волейболшы командалас әріптестері, университеттің оқытушы-профессорлары, жас ғалымдар, студенттер баяндамалар жасап, құттықтау лебіздерін жолдайды.

Университетте тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлының бастамасымен 2004 жылдан бері «О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Ақын осында оқитын ауылдан шыққан студенттермен жиі кездесіп, әртүрлі шараларға қатысып тұрады. Студенттермен кездесулерде қайраткер тұлға әдебиет, мәдениет, бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім кеңістігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады. 

Олжекеңнің қол добы – волейбол ойынына құмарлығын жұртшылық жақсы біледі. Ақын студенттер арасында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің волейбол командасы құрылып, ТМД және Қазақстанның оқу орындары мен мекемелерінің командаларымен жыл сайын турнирлер ұйымдастырылып келеді.

Университетіміздің аса қадірлі досы және студент жастарымыздың шын жанашыры Олжас Омарұлының туған күнін мерекелеуге арналған мәдени, спорттық іс-шаралар өткізу игі дәстүрге айналған. Бірақ елдегі жағдайға байланысты «Олжас оқулары» өткен жылдан бері екінші рет онлайн-режимде ұйымдастырылуда. Конференцияда осы байқауда топ жарған өнерлі студенттер ақынның өлеңдерін оқиды.