Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытай CoronaVac вакцинасын балаларға қолдануға рұқсат берді

Қытай CoronaVac вакцинасын балаларға қолдануға рұқсат берді


  • Қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Серена Уильямсты жеңді.
  • Қытай CoronaVac вакцинасын балаларға қолдануға рұқсат берді.
  • Алматының бас санитар дәрігері карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды.


Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» ширек финалына жолдама алды. Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жарыстың 1/8 финалында отандасымыз Үлкен дулыға турнирлерінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсты жеңді. Рыбакина қарсыласынан екі сетте басым түсті. Қорытынды есеп - 6:3, 7:5.

*****

39 жастағы Серена Уильямс "Үлкен дулыға" турнирлерінде 23 рет жеңімпаз атанды. Ол 24 жеңісімен көш бастап тұрған австралиялық Маргарет Корттан кейін екінші орында. Егер Уильямс Ролан Гарроста жеңіске жеткен жағдайда американдық үшін тарихи жетістік болар еді. Дегенмен әлемнің экс-бірінші ракеткасын біздің жерлесіміз ұтып отыр. Серена Уильямсты ширек финалдан Елена Рыбакина ығыстырып, сенсациялық жеңіске жетті.

*****

Қытай Sinovac компаниясының COVID-19 вирусына қарсы шығарған CoronaVac вакцинасын балаларға қолдануға рұқсат берді. Осылайша, жергілікті екпе 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданды. Бірақ вакцина қай жастан және қандай жағдайда салынатыны белгісіз. Осыдан 1 апта бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуын мақұлдаған еді.

*****

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Осындай жұмыс кестесі жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген. Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Қаулы ертең күшіне енеді.

*****

Ақтөбеде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам қайтадан түрмеге түсті. Аймақта учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері «Есеп» және «Есеп элементі», «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп», «Учаске» сияқты жедел-алдын алу шарасын, сондай-ақ рейд өткізді. Нәтижесінде биыл 5 айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жасаған қылмыс 21,6% төмендегені белгілі болды. Түрмеден шыққаннан кейін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуды жалғастырған 25 адам қайтадан бас бостандығынан айырылған.

*****

Батыс Қазақстанда қызметтік көліктер таксиге айналмақ. Аймақ әкімі Ғали Есқалиевтің Facebook-тегі парақшасында мәлім еткеніндей, «Ақжайық» ӘКК» АҚ алматылық компаниялардың бірімен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келісімге келген. «БҚО әкімдігі өзінің қызметтік көліктерін бірлескен кәсіпорынға береді. Ал жеке инвестор жаңа автокөліктер сатып алып, такси есебінде жоғары қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мемлекет алдағы уақытта автокөлік сатып алудан бас тартып, қаржы үнемдейді. Көліктің шығындарынан гөрі автокөлікті жалға алу арзанға түсіп, қалада жаңа таксилер қызмет көрсетеді. Осылайша Президенттің қызметтік көліктерге кететін шығынды азайту жөніндегі тапсырмасы орындалады»,- деп жазды өңір басшысы.

*****

Алматы облысындағы демалыс орындарына келушілерден коронавируске қарсы екпе алғандығы жөніндегі және ПТР анықтамалары талап етілмейді. Дегенмен, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Ал мобильдік топтар өз жұмысын бұрынғыдай жалғастыра береді. Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігіне биылғы шомылу маусымында 1 миллионға жуық турист келеді деген болжам бар.