Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада балаларға арналған ерекше алаң ашылады

Елордада балаларға арналған ерекше алаң ашылады
  • Ішкі істер министрлігі «Мигрант» операциясын бастады. 
  • Картоп бағасын қолдан өсіріп отыр.  
  • Ресейде теледәрігер мамандығына сұраныс 5 есе артқан.


Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде картоп бағасының қымбаттау себебін атады. «Бүгінде елімізде картоп жеткілікті көлемде өсіріледі. Тіпті, ертең ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер картоп өнімдерін өз құнына сата алмай қалуы мүмкін. Мұндай жайт өткен жылы орын алған. Сондықтан картопты шамадан тыс өсірмеуге кеңес берер едім», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатқанын, ал қалған 200 теңгені делдалдар немесе ірі сауда дүкендері өздері қосып отырғанын айтты. Айта кетейік, соңғы аптада елімізде картоп бағасы күрт қымбаттап, 1 келісі 400 теңгеге жеткен. 

*****

Ішкі істер министрлігі «Мигрант» операциясын бастады. Пандемия басталған сәттен бастап ІІМ дағдарысқа қарсы тұрақтандырушы шараларды, оның ішінде мигранттардың құқықтарын қорғау шараларын жүргізді. Көші-қон заңнамасын қасақана бұзғандарды анықтау үшін ішкі істер органдары ел аумағында «көшіп-қонушы» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізілуде. Жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілген үш күн ішінде 183 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 30 қылмыскер ұсталды. 

*****

Елордада Есіл өзенінің бойындағы саябақта балаларға арналған ерекше алаң ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап. Ойын алаңы «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанында орналасады. Оның бірегейлігі – ойындарға арналған түрлі сценарий болады. Сондай-ақ, алаңда құмсалғыш, сырғанақ, бақылау орны және өзге де түрлі ойын элементтері орнатылады. Балалар алаңының жалпы ауданы – екі мың шаршы метрден астам. Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша балалар ойын аймағы осы жазда ашылады. Ал бос уақытын таза ауада өткізгісі келетіндер үшін алаңның айналасында әткеншек пен орындық қою жоспарланып отыр. 

*****

Бүгін Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының алдындағы алаңда «Мұражай қалашығы» іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрғындар жеті ойын-сауық, зияткерлік, шығармашылық және интерактивті алаңдарды тамашалайды. Жәрмеңке алаңында көптеген ежелгі жәдігерлерді көруге және сауда өнерін үйренуге болады. Сондай-ақ, қала қонақтары үшін суперпазлдар мен «Алтын адам» фотоаймағы қол жетімді болады. Іс-шара сағат 11-де басталып, үш сағатқа созылады.

*****

Пандемия салдарынан өнер, сауда, медиа және жеңіл өнеркәсіп секторында жұмыссыз қалғандар көп, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал денсаулық сақтау, IT, ғылым, технологиялар саласында керісінше қысқарту аз болған. Бұл туралы Boston Consulting Group халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті. Пандемия кезінде IT технологиялары саласында жұмыссыз қалғандар аз болған. Соңғы уақытта оған қызығушылық танытып жатқан жастар көбейген. «Салдарынан алдағы 5-10 жылда әлемдік мұнай-газ секторында біліктілігі жоғары маман тапшылығы туындауы мүмкін», - дейді сарапшылар. Ал, Ресейде биыл теледәрігер ең қажетті мамандық болды. Пандемия кезінде бұл мамандарға сұраныс 5 есе артқан. Көрші елде әсіресе, қашықтан медициналық кеңес беретін терапевтер мен педиатрлар қызметіне жүгінетіндер көбейген.