Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сауда орталықтарында вакцина қабылдағандарға түрлі жеңілдіктер беріледі

Сауда орталықтарында вакцина қабылдағандарға түрлі жеңілдіктер беріледі

Елордада вакцинация қабылдағандар үшін кейбір сауда орталықтарында жеңілдік бағдарламалары мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Елордада вакцинация қарқыны артып келеді. Енді коронавирусқа қарсы вакцина алған адам түрлі сыйлықтар ала алады. Сондай-ақ ұтыс ойындарына қатыса алады.


Мысалы, «Mega Silk Way» СОО-да вакцинациядан кейін мұз айдынына сертификаттар, мейрамханаларға жеңілдіктер беріледі. Ал «Сарыарқа» СОО-да Actual Optic-ке 5 мың теңгенің жеңілдік купоны беріледі. Сондай-ақ, тілек білдіргендер арнайы бланкілер толтырып, кино паркіне жеңілдік ала алады. «Азия Парк» СОО-да кәсіпкерлердің сыйлықтары (тұрмыстық техника, электроника, СОО жалға алушыларының сыйлықтары) және т.б. ойнатылады.

Бұл шаралар халықты ұжымдық иммунитетті дамытып, вакцинациямен көбірек қамту үшін қабылданды. Қабылданған шаралар карантиндік шектеулерге байланысты ең көп зардап шеккен нысандардың жұмысын қалпына келтіруіне мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО-лары және «Әлем», «Еуразия» сауда үйлері бар. Вакцинация пунктері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.