Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендеді

Әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендеді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин халықты қолдау үшін дағдарысқа қарсы шаралар қабылданғанын, ол қаражаттар барлық әлеуметтік міндеттемелерді жүзеге асыруға және отандық экономиканы қолдауға ықпал еткенін айтты. Мәселен, аталған кезеңде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт ретінде 4,8 триллион теңге бөлінген. Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар еліміз бойынша жұмыссыздықты 4,9% деңгейінен асырмауға және орташа айлық жалақыны 7,3% - ға ұлғайтуға жол ашты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 5,6% құрады. Алайда, Нұрлан Нығматулин бюджеттің орындалуында әлі орын алған кемшіліктер барын алға тартып, мемлекет қаражатын ұтымды, нәтижелі және тиімді игеру керектігіне баса назар аударды.

*****

Қарағанды мектептерінде қауіпсіздік қатаңдатылады. Ол үшін біріңғай техникалық сипаттағы жүйе жасалады. Оған қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дабыл түймесі, турникет, хабарлау жүйесі және басқа да қажеттіліктер жатады. облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, осы мақсатта бюджеттен 608 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды биыл күзге дейін аяқтау жоспарлануда,-деп хабарлайды baq.kz.

*****

Елімізде биыл бірнеше бағыттағы жолдар ақылы болады. Осы жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытайдың» Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, сонымен қатар Щучинск-Көкшетау, Капшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен аумақтарында жүргендер ақша төлеуге міндетті. Қазір бұл жерлердің сапасын арнайы жұмыс тобы тексеріп жатыр. Жол ақысы 2013 жылдан бері келе жатқан тариф бойынша төленеді. Жеңіл көлік тізгіндегендер 1 шақырымға 1 теңге, автобус жүргізетіндер әр шақырым үшін 5-тен 15 теңгеге дейін төлеуі керек. Ал жүк көлігіне арналған тариф оның салмағына қарай 5-тен 25 теңгеге дейін бекітілген. Ақылы жол бойында демалыс орны, автотұрақ, қонақ үй, супермаркет сынды қажетті инфрақұрылымдар болады,-деп жазады хабар 24.

*****

Вакцина алған азаматтар Ashyq қосымшасында «жасыл» статусқа ие болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-те хабарлады. Екпе салдырған 200 мың азаматқа Ashyq-та жасыл статус берілді. Осылайша, вакцинаның екі компонентін алған барлық кісіге аптаның соңына дейін тиісті мәртебені беру жоспарланып отыр,-деп жазды министр өзінің әлеуметтік парақшасында.

*****

Әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендеді. Өлім-жітім оқиғаларының саны да 8 пайызға азайған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 7 күнде инфекция жұқтырудың 3 миллионнан астам дерегі мен одан қайтыс болудың 73 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Вирусқа шалдығу деңгейінің ең көп төмендеуі Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропада байқалып отыр. Ал, Африкада керісінше 25 пайызға артқан. Солтүстік және Оңтүстік Америка тіркелген оқиғалар саны жағынан көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Шығыс Азия елдері, ал үшінші орында Үндістан орналасқан.