Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мұхтар Құл-Мұхаммед ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілімен кездесті

Мұхтар Құл-Мұхаммед ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілімен кездесті

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Питер Бурианмен кездесті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Еуропалық Одақ біздің сенімді стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Біз шын мәнінде сенімді қарым-қатынас орнаттық, оны біз жоғары бағалаймыз», - деді сенатор.

Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, парламентшілер арасындағы байланыстарды үдету саяси диалогтың маңызды бөлігіне айналуы ықтимал. Ол Қазақстан Парламенті «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында Еуропалық Парламентпен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Сенаттың Баспасөз қызметі