Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 10.06.2021

Қорытынды жаңалықтар 10.06.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қатар мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдул-рахман Әл Тәниді қабылдады. Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастарының даму перспективалары талқыланды. Бұл ретте саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға баса мән берілді.

*****

Қазақстан шетел инвестициясын тартуға барынша қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастырады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық жүйе ретінде ішкі инвестицияға, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайтындығын баса айтты. «Біз өңірдегі және ТМД-дағы көшбасшылығымызды сақтап қалуға ниеттеміз. Қазақстандық локальді құн құру бойынша ішкі сұраныс пен өндіріс бөлігіндегі саясатымыз өзгеріссіз қалады. Бұған қоса, мұндай іс-шаралар барынша нарықтық болуы тиіс. Олар бұрмаланбауы керек.», - деді ҚР Президенті.

*****

Ауыл, ауылдық округ, кент, әкімдерін енді Халық тікелей сайлайды. Биыл 800 әкім сайланады. Ал 2024 жылдан бастап халық аудан әкімдерін сайлайды. Осылайша алдағы бірнеше жылда әкімдердің 85-90 пайызын жергілікті халық өздері таңдайтын болады. Заңда әкімдерді ұсынудың 2 жолы көзделген. Біріншісі – саяси партиялар ұсынады, екінші жолы – халық арасынан өзін өзі ұсыну. Өзін өзі ұсыну үшін ауылдағы сайлаушылардың 1% дауысын жинау керек. Бұл туралы толығырақ "Экономиалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары Нұрболат Құрметұлы айтып берді.

*****

Қызылорда облысында жыл ішінде жалға берілетін 945 пәтерлік 54 үй, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үй салынады. Облыс бойынша мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған тағы 342 пәтер жеке құрылыс иелерінен сатып алынады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

*****

«Маңғыстау өңірі – инвестиция көздерін тарту бойынша үздік аймақтар қатарында. 5 айда облысқа тартылған инвестиция көлемі 12,9%-ға артып, 216,1 млрд. Теңгеге жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов айтты. Оның сөзінше Биыл облыста 270 млрд. теңгеге жуық қаржыға 12 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

*****

Коронавируспен ауырғандар және науқастармен байланыста болғандар карантин режимін бұзса 87 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітті. Аталған талаптарды орындамағаны үшін құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ереже бүгін күшіне енді», - деді Сархат Бейсенова. Оның дерегінше, «Ashyq» қосымшасы іске қосылған сәттен бастап үй каратинін бұзған 3 140 адам анықталды. Олардың 1 436-сы коронавируспен ауырса, 1 704-і науқастармен байланыста болған.

*****

Алматы қаласында бір тәулікте 3 631 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ақпаратты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратты. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 маусымы аралығында қалада барлығы 325 131 адамға екпе салынды. Оның ішінде 5 154 полиция қызметкері, 24 421 мұғалім, 29 634 медицина қызметкері бар. Екпенің екі компонентін 210 620 адам алды. Қалада 208 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

*****

Қаңтар-сәуір айларында отандық құрылыс материалдары 16%-ға қымбаттаған. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты. «Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында бастапқы тұрғын үй бағасы 8% -ға өсті. Екінші қайталама тұрғын үй бағасы– 13% қымбаттады.