Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстаудағы елді мекендерді құм басып жатыр

Маңғыстаудағы елді мекендерді құм басып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тәнимен кездестім. Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық барысын талқыладық»,-делінген жазбада.

Айта өтейік, Катар Премьер-Министрі орынбасарының Қазақстанға жоспарланған сапарында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластық жасалды. Мейман коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Катар басшысының құттықтауын жеткізіп, осы мәселе бойынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

*****

Маңғыстаудағы Жарма, Сазды елдi мекендерiн құм басып қалу қаупi бар. Облыс әкімі Серікбай Тұрымовтың мәліметінше, сан жылдар бойғы бұл мәселе уақытша ғана шешіліп отыр. Құмның көшуі әзірге өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларының техникалық қолдауымен ғана тоқтаған. Мәселенi шешудiң бір ғана жолы бар. Яғни құмды өлкеге сай өсімдіктер отырғызу қажет. Сексеуіл, жыңғыл, жүзгiн секілді бұталарды қоршау жасау арқылы өсірсе ғана қауіптің беті сейілмек. Бұл үшін 430 млн теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Өңір басшысы егер бюджеттен қаражат бөлінсе мәселе шешімін табатынын айтты.

*****

 Өскемен қаласындағы Ертіс көпірі осы жылдың аяғына дейін жөнделеді. 2016 жылдың қараша айында ортасынан опырылып түскен көпірдің құрылысы қазір күнделікті бақылауда. Қала басшысы Жақсылық Омар көпірді жөндеп жатқан мердігер ұйымның өкілдерімен кездесті. Жөндеу шаралары қатаң түрде жобаға сәйкес жасалуда. Жоспарға сай, көпірде көліктер сегіз жолақ арқылы қатынайтын болады. Осының нәтижесінде, кептеліс азаймақ. Ал, жөндеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады,-деп хабарлайды altaynews.kz.

*****

Үндістанда өткен тәулікте COVID-19 — дан қайтыс болғандардың рекордтық саны тіркелді-6148 адам. Бихар штатының билігі жергілікті жерде инфекциядан қайтыс болғандардың санын қайта тексерген. Көрсеткіштің күрт өсуіне осы жағдай әсер еткен. Айта өтейік, Үнді елінде пандемия басталған кезден бері 29,1 миллион адам коронавируспен ауырған.

*****

АҚШ COVID-19-ға қарсы күресте үлкен меценаттық қадам жасамақ. Ақ үй әкімшілігі әлемге қайырымдылық жасау үшін Pfizer екпесінің 500 миллион дозасын сатып алатындығын мәлімдеді. Бұл – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ковакс бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Осылаша, Құрама Штаттар алдағы екі жыл ішінде вакциналарды 100-ге жуық кедей елге бөліп бермек.

*****

Грекия тұрғындары төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді көздейтін Үкіметтің ұсыныстарына қарсы алғашқы жалпы ереуіл аясында көшеге шықты, деп жазады Bloomberg. Басылымның хабарлауынша, елде екі ірі мемлекеттік салалық кәсіподақ өкілдері 24 сағаттық ереуіл жариялаған. Премьер-Министр Кириакос Мицотакис ұсынған еңбек нарығындағы реформаларға икемді кесте жоспары кіреді. Оған сәйкес, азаматтар төрт күн бойы ұзағырақ жұмыс істеп, қалған күндері демалады. Келесі аптада заң жобасы Грекия Парламентіне дауыс беруге шығарылады. Айта өтейік, Грекия- Еуропадағы жұмыссыздық деңгейі ең жоғары ел. Мұнда халықтың 17% - дан астамы жұмыссыз.

*****

Теннистен Қазақстан командасының өкілдері Александр Бублик пен Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жолдама алды. Қазақстандықтар өздерінің спорттық мансабында «Үлкен Дулыға» санатындағы дүбірлі сынның финалына алғаш рет шығып отыр. Еске сала кетейік, Бублик пен Голубев - Қазақстанның осы "Ролан Гарростағы"соңғы өкілдері. Бұған дейін жұптық сынның ширек финалында Елена Рыбакина жеңіліп қалды.