Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Полиция қызметкерлері жаңа формаға ауысады

Полиция қызметкерлері жаңа формаға ауысады

Ақорда резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшілерінің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. Іс-шара барысында Жапонияның елшісі Джун Ямада, Үндістанның елшісі Шубдаршини Трипати, сондай-ақ, Камбоджаның Қазақстандағы елшісі міндетін қоса атқарушы Ким Хенг Миэ және Шри-Ланканың Қазақстандағы елшісі міндетін қоса атқарушы Ламаванса Мигахаланде Дураге сенім грамоталарын табыстады. Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың еліміздегі аса жауапты қызметтері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

*****

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин бейбіт жиындар туралы заңның бір жыл ішінде қандай нәтиже бергенін айтты. «Президенттің саяси реформаларының аясында жарияланған бірінші пакет толық жүзеге асырылған болатын. Соның аясында 8 заң қабылданды. Оның ішіндегі ең үлкен заңдардың бірі – жиындар туралы заң болатын. Бұл заңның қабылданғанына бір жылдан асты. Сол бір жылдың ішінде бейбіт жиындар мен митингілер туралы заң қалай жұмыс істеді? Жақында ғана сарапшылармен осы мәселені талқылағанбыз. Сол кезде сарапшылар бұл заңның іс жүзінде қандай өзгерістер алып келгенін айтты. Байқасаңыздар, әртүрлі қоғамдық топтар емін-еркін бейбіт жиындар өткізу құқығына ие болып, үлкен қалалардың орталықтарында жиындар өтіп жатыр», - деді Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің екі жылдағы жұмысы талқыланған жиында. Сондай-ақ, ол аталмыш заңнамалық өзгеріс еліміздегі саяси плюрализмнің дамуына, белсенді азаматтық және қоғамдық топтардың өз мәселелерін ортаға шығарып талқылауына мүмкіндік бергенін атады.

*****

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль Зовуров бразилиялық Рикардо Тирлониге қарсы шығады. Сонымен қатар, кешке бірнеше мемлекеттің спортшылары қатысады. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Хабиб Нурмагомедов – ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы, жеңіл салмақтағы UFC экс- чемпионы. Кәсіби деңгейде ол 29 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті. 2020 жылдың 24 қазанында жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы Хабиб Нурмагомедов Әбу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы мәлім еткен болатын.

*****

Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты. «Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер», - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына. Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлерді жаңа формаға ауыстыру жоспарланған.