Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Депутаттар каникулға шықты

Депутаттар каникулға шықты


Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста атап өткендей, сессияда Мәжілістің 23 жалпы отырысы өтіп, 130-ға жуық мәселе талқыланған. Осы уақыт аралығында Палата 90-ға жуық заң жобасын қарап, оның ішінде 49-ы мақұлданып, Сенатқа жолданған. Заң жобаларының басым бөлігі ел экономикасын нығайтуға, кәсіпкерлікті дамытуға және әлеуметтік қорғау мен бюджетті жетілдіруге арналды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шықты. Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.

*****

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Бүгінде 90 мыңға жуық қазақстандық өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, олардың 42 мыңнан астамы өңірлерде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының жартысынан астамын – әйелдер қауымы. Осы күн қарсаңында Агенттік атынан мемлекеттік қызметті дамытуға және қойылған міндеттерді табысты іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін ағымдағы жылы 79 мемлекеттік қызметші ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды деп жазды Анар Жаилғанова.

*****

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» шатқалында із-түзсіз жоғалып, мәйіттері табылған төрт туристің өліміне қатысты алғашқы болжамдар айтылды. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, алғашқы болжам ретінде төртеуі қол ұстасып, Өгем өзенінен бірге өтпек болған кезде суға ағып кетуі мүмкін.

*****

Алдағы күндері Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ертең Павлодар облысында, бейсенбі, жұма күндері Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.