Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 23.06.2021

Қорытынды жаңалықтар 23.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президент алдағы сайлау науқанының маңызды екенін атап өтті. «Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік», – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

*****

Мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.

*****

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады. Әкімдер Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады.

*****

Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Сондай-ақ ол сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігіне баса назар аударды. «Маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және басқа да сақтық іс-шараларын қолдану күнделікті әдетімізге айналуы керек.», - деді Ералы Тоғжанов. Сондай - ақ ол қызмет көрсету мен оған жақын сала қызметкерлері міндетті түрде вакцинауиялануы тиіс екенін айтты.

*****

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өз сөзінде Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау Үкіметтің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізіп, Вирустың ешқайда кетпегенін айтты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары «Қазақстанда үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап берді. «Бүгінгі күні республика аумағына локлдаун енгізуге байланысты еш мәселе көріп отырған жоқпыз. Әрі қарайғы шешім қабылдауымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деді Ералы Тоғжанов.

*****

Алматыда коронавирустың үнді штамы анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. Сонымен қатар, ол аталған штамды кім жұқтырғанын атап өтті.

«Ол - 1984 жылы туған азаматша. Ал науқастың өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыста болған жеті адам оқшауланды»,- деді Жандарбек Бекшин.

*****

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» шатқалында із-түзсіз жоғалып, мәйіттері табылған төрт туристің өліміне қатысты алғашқы болжамдар айтылды. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, алғашқы болжам ретінде төртеуі қол ұстасып, Өгем өзенінен бірге өтпек болған кезде суға ағып кетуі мүмкін.

*****

Алдағы күндері Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ертең Павлодар облысында, бейсенбі, жұма күндері Шығыс Қазақстан облысында, 25 маусымда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.