Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 15.07.2021

Қорытынды жаңалықтар 15.07.2021

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына талап күшейтілді. Тамақтану объектілері орналасқан жеріне қарамастан жұмыс күндері таңғы 7-ден кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде жүзеге асырады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері демалады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері //орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс және демалыс күндері сағат 7-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Қаулы 17 шілдеде күшіне енеді.

*****

«Сары», «жасыл» аймақтағы өңірлерде арнайы құрбан шалатын орындар ашылады. Оған бару үшін алдын ала жазылу керек. «Әр өңірдегі ҚМДБ жұмыс тобының call-орталыққа қоңырау шалып, алдын ала жазылу керек. Арнайы тізім жасалып, құрбан шалуға ниетті тұлғаға кезек саны мен баратын нақты уақытын хабардар етуі қажет. Бәрі бірдей бір уақытта бармау үшін, әркім талон секілді өз кезегімен барып құрбандық шалады», - деп түсіндірді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 20 шілде күні сағат 7:20 дан бастап «сары», «жасыл» аймақтағы өңірлерде алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта арнайы қасапханада құрбан шалады, әрбір адамға 1 сағат уақыттан беріледі. 

*****

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілді. Қаулыда міндетті вакцинаның бірінші компоненті 10 тамызға дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін егіліп бітуі керек екені айтылған. Ал қызметкерлерін тек вакцина алған жағдайда ғана штаттық режимде жұмысқа шығаратын мекемелерге Қызмет көрсету обьектілері, Сауда орындары, Мәдениет және демалыс объектілері, : Қонақүй қызметі, Жолаушылар тасымалы, Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, Санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер, Қоғамдық тамақтану орындары, барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер, Денсаулық сақтау ұйымдары, Коммуналдық шаруашылық мекемелері, Экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар, Байланыс және телекоммуникация объектілері кіреді. Осы аталған санаттарға жататын қызметкерлер жұмысқа штаттық режимде шығу үшін вакцинаны міндетті түрде алуы керек.

*****

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға мүлік салығын төлеу туралы ескертті. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір салыққа біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек. Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтер пайдаланылды. 2020 жылға есептелген мүлік салығы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 қазанына дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылады. 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады. 

*****

Түркістан қаласынан Қазақстанның 11 қаласына рейстар ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды. Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды. Алғашқы рейстер бүгіннен басталады. Билеттердің құны 16-25 мың теңге аралығында болады.

*****

Қызылорда облысында 40 ауылдық округте әкімдер сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірде 134 кандидат сайлауға түседі. Олардың арасында 49-ы саяси партиялар құрамынан болса, 85-і өзін-өзі ұсынғандар. 

*****

Солтүстік Қазақстаннан Ақмола облысына апарар автомобиль жолында көпірдің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Абдалиевтің айтуынша, биыл 24 млрд теңгеге жергілікті маңызы бар 700 км автожол мен елді мекендер ішіндегі 168 км көше жолдары жөнделеді. «Облыстық маңызы бар «Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл» автомобиль жолының 142 км-де көпір құрылысы басталды. Ол келер жылы аяқталуы тиіс. Бұл автожол Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын қосады. Сондай-ақ бұл автожол Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағына апарады. 

*****

Қарағанды облысында колледждерде білім алуға 8 115 грант бөлінді. Сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 грант қарастырылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, биыл қабылдау ережелеріне өзгерістер енді. Сондай-ақ, тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді. Енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылған. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылады. 

*****

Түркістан тұрғындарының 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен бұрынғы банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz. Банкте аға менеджер болып жұмыс істейтін жас жігіт алдына қандай да бір мәселемен келген азаматтардың құжаттарын қолдана отырып, олардың атынан несие рәсімдеген. 11 адамның атына несие рәсімдеп, 3 азаматтың депозиттеріндегі ақшасын өзіне аударып алған. «Тергу кезінде жас жігіт алаяқтық жолмен иеленген ақшаларды құмар ойындарға салып жібергенін мойындады.