Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғаламтор алаяқтары азаяр емес

Ғаламтор алаяқтары азаяр емес

21 жасар Түркістан облысының тұрғыны 55 астаналықты сазға отырғызып кетті. Ол спорттық ұтысқа ақша тігіп, баюдың оңай жолын ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап. «Жас жігіт Instagram парақшасында спорттық ұтысқа ақша тігіп, 100% ұтысқа ие болу туралы хабарлама жариялаған. Алаяқ елордалықтарды спорттық бәсекеге ақша тігуге көндіріп, олардан электронды әмиянына ақша жіберуін сұраған. Және бәсекеден түскен пайданы тәулік ішінде жіберуге уәде беріп, ақшаны алған соң, алданған азаматтардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастаған. Тергеу барысында анықталғандай, ол азаматтың ұтыс тігуге еш қатысы жоқтығы және жұрт түскен ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол келтірген шығынның көлемі 3 500 000 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

*****

Департаменттің хабарлауынша, пандемия кезінде интернетте осы секілді жеңіл ақша табуға шақыратын жалған хабарламалар көбейіп кеткен. «Оның ешқандай талабы жоқ, тек ақша жіберсе болғаны. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жеңіл табыс табу жолында алданып қалып жатады. Осы орайда интернетте жарияланған хабарламалардың растығын жіті тексерген жөн», - деп хабарлайды департаменттен. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтардан желі алаяқтарының алдауына түсіп қалмауға кеңес береді. Интернетте жарияланған түсініксіз және күмәнді ойын, ұтыстарға қатыспауға шақырады. Алаяқтар өз кезегінде тұрғындарды тиімді ұтысқа ие болатынын айтып, жалған уәдемен сан соқтырады.

*****

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Фейсбук әлеуметтік желісінде Құрбан айт мейрамымен құттықтады. «Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Құрбан айт адамзатты имандылыққа, қайырымдылыққа және ізгілікке үндейді. Осы күндерде барша мұсылман қауымы Алла жолында құрбандық шалып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуге асығады. Мұндай игі амалдар елдің ырыс-ынтымағын арттырып, өзара келісім мен түсіністікті нығайта түседі» делінген құттықтауда. Парламенті Сенатының Төрағасы биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отырғаны айта келе: «Осы ретте бұл індетті тоқтату үшін карантин талаптарын сақтап, вакцина ектірудің маңызы зор. Іске асырылып жатқан шаралардың негізінде осы індеттен көп ұзамай құтыламыз деп сенеміз. Ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!» - деді.

*****

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына «Партиялық емес бақылау орталығынан» 194 байқаушы қатысады. Ағымдағы жылдың шілде айында облыстың 89 сайлау учаскесінде, ал кейінгі айларда 9 учаскіде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Бұған «Партиялық емес бақылау орталығынан» 194 байқаушы қатысады. «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының жетекшісі Асқар Қадырқұлов хабарлағандай, ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне белсенді түрде атсалыспақ. Қазіргі уақытта Орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту семинарлар мен тренингтер өткізуде. Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.

*****

20 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.