Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемақы төленбейді

1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемақы төленбейді

1 қазаннан бастап дəрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Тамыз-қыркүйекте ол қаржы 50 пайыздан беріледі. «Есесіне, бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпиджағдайға тəуелді болмайды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары. Дəрігерлер өткен жылдың наурыз айынан бері қаржылай үстемақы алып келе жатыр. Осы уақытқа дейін 229 миллиард теңге бөлінген. Енді сұранысы жоғары медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Əзірге көлемі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет. Еске сала кетейік, маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мəлімдеген болатын.

*****

2021 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 009 408 адам, 2 - ші компонентін 2 992 214 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

*****

Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек беруді тапсырды. Қазір мұнда көрші өңірлерден шөп жеткізіліп, 1200 тоннадай арпа әкелінген. Олар фермерлерге төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ, мал азығына кеткен шығынды өтеуге 2 млрдқа жуық теңге бөлінді. Облысқа барған Асқар Мамин өңірдің туристік, көліктік-инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысты. Ақтауға арнайы келген Үкімет басшысы, алдымен, өңірдегі бекіре тұқымдас балық өсіру зауытының жобасын көрді. Каспий теңізінде су жәндіктерін аулауды ұйымдастыру жайын талқылады. Сондай-ақ, жылына 30 мың тонна балық өсіруге арналған «Інжу Маржан» шығанағында салынатын кешеннің жоспарымен танысты.

*****

Премьер-министр Ақтау әуежайында салынып жатқан бірінші санаттағы автомобиль жолының сапасын тексерді. Жұмысты қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, «Құрық» паром кешені мен «Ақтау» теңіз портын аралап, елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту тетіктерін қарады. Асқар Мамин сондай-ақ Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту жобаларын да тексерді. Қазақстандағы алғашқы TETYSBLU тақырыптық паркінің ашылуына қатысты. Онда Орталық Азияда теңдесі жоқ 30-дан астам аттракцион бар. Үкімет басшысына жұмсақ қаптама ыдыс, полимерлік қаптама, каустикалық сода және құрамында хлоры бар өнімдер өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар да таныстырылды.

*****

Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарына кіріскен. Алдын ала мәлімет бойынша шенеунік мемелкеттік тапсырысты ұтып алуға қолғабыс етпек болған. Осы қызметі үшін мердігерден 33500 доллар пара алған болуы мүмкін. Егер келісім жүзеге асқанда жеке серіктестік 666 млн тенгенің тендерін ұтып алатын еді. Қазір лауазымды тұлға, мердігерлік ұйымның құрылтайшысы мен директоры уақытша ұстау иоляторына қамалған.