Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы

Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы

2021 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. 21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 009 408 адам, 2 - ші компонентін 2 992 214 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

*****

«Қызыл» жəне «сары» мəртебесіне қарамай қоғамдық орындарға баратын адамдарға қатысты шаралар қатаңдатылады. Алдағы уақытта «қызыл» мəртебесі бар болса да, карантин ережесін елемей жүргендердің аты-жөні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Сондай-ақ «Ashyq»-тың ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Енді бағдарламаға кіруге ниет білдірген кəсіпкерлерге қойылатын талаптар жеңілдейді. Сонымен қатар вакциналау туралы жалған құжат жасайтындардың жолын кесу үшін арнайы топ құрылатыны мəлім болды.

*****

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында «Қазақша сөйлейік»клубы ашылды. Ауданның ішкі саясат бөлімінің айтуынша, клубқа барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үйрену машықтарын дамыта алады. Аталмыш клуб мүшелері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сауатты жаза білуді мақсат етеді. Сабақтар күн сайын әңгіме мен қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдерді түрлендіруге арналған арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Сабақтарда оқытудың ойын формалары белсенді қолданылады.

*****

Президент «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, тіпті міндеті деп те айтуға болатынын жеткізді. Осылайша барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастаған болатын. «Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге барлық жағдай жасалған. Осы жұмысты жалғастыра отырып, еліміздің мерейтойы қарсаңында ауданымызда қазақ тілін оқыту клубы ашылды. Бұл клубқа әсіресе, өзге этнос өкілдерінің қызығушылығы басым» , - деді ауданның ішкі саясат бөлімінде. Клуб мүшелері аптасына бір рет бір сағаттан кездесіп отырады.Олардың тіл білу деңгейі мен жас ерекшелігі маңызды емес. Тегін ұйымдастырылған клуб сабақтарын аудандағы «Тілдерді оқыту орталығының» тәжірибелі, білікті мамандары өткізеді.

*****

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Осы жылдың 22-23 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесінің «Ақбұлақ» көпірінен А.Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.