Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл әкімдерін сайлау: Дауыс беру науқаны – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Ауыл әкімдерін сайлау: Дауыс беру науқаны – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"25 шілде күні ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді. 

Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Мұны Президент «азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі» деп атап өтті. 

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы сайланған кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіреді",- деп мәлім етті Берік Уәли.