Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Күзде Өзбекстанда Президент сайлауы өтеді

Күзде Өзбекстанда Президент сайлауы өтеді

Кәмелеттік жасқа енді толған бозбала өзінен үш жас үлкен қызынан әлемжеттік көрді, деп хабарлайды «Хабар 24». Атыраулық ару шымкенттік жігітті сұраған ақшасын бермесе, зорлады деп айыптаймын деген. Ол алдымен 2 млн теңге алыпты. Кейін тағы 1,5 млн теңге талап еткен. Тығырыққа тірелген жігіт тәртіп сақшыларына шағымданады. Оның айтуынша, жүріп жүрген қызымен жақсы қатынаста болған, тіпті әке-шешесімен таныстырып үлгеріпті. Атырау облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен жарты млн теңге ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде оның деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

*****

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар айыппұл салынған тұрғындардың тізімін жариялады. COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтар қоғамдық орындарға барып, Аshyq бойынша жұмыс істейтін нысандарда - ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. нысан қызметтерін пайдалануға тырысқан. Оқшаулау режимін бұзған тұрғындар банк, университет, сауда, мейрамхана, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандар қызметкерлері екені белгілі болды. "Қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы керек", - делінген хабарламада. Тізімде аудан бойынша тәртіп бұзған тұрғындардың аты-жөні бар. Тізімге сәйкес, тәртіп бұзушылардың көбі Бостандық, Наурызбай және Алатау аудандарында анықталған.

*****

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көкөніс пен қант, күнбағыс майы, сүт өнімдері қымбаттап кеткені белгілі. Мамандар бұған өткен күздегі астықтың жылдағыдан аз болып, коммуналдық қызмет және жанармай бағасының шарықтауы ықпал етті деп отыр. Дегенмен де, енді әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға қосылатын үстемақы 15%-тен аспауы тиіс.«Сауда қызметін реттеу туралы» заңға енгізілген өзгеріс пәрмені осындай. Өскемендік мониторингтік топ азық-түлік сататын орындарды аралап, осы өзгерістің қалай жүзеге асып жатқанын көріп шықты. Алайда, әзірге ешқандай заңбұзушылық байқалмаған. Жалпы үлкен сауда орындарынан бөлек, қалада тұрақтандыру қорының дүңгіршектері жұмыс істеп тұр. Алдағы маусымаралық кезеңде ол сауда нүктелеріне 3 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізу жоспарланған. Әзірге онда 8 түрлі азық-түлік арзан бағамен сатылып жатыр.

*****

Өзбекстанда 2021 жылдың 24 қазанында президент сайлауы өтеді. Сайлау науқаны 23 шілдеде басталады деп жарияланды. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Президент сайлауы жаңартылған ұлттық сайлау заңнамасына, жалпыға танылған халықаралық стандарттарға, демократиялық принциптерге, ашықтық пен жариялылыққа сәйкес өтетінін баса айтты. Алдағы сайлауды жоғары саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін, Орталық сайлау комиссиясы үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде бекіткен Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға дайындық жөніндегі негізгі шаралар бағдарламасына сәйкес серіктес ұйымдармен бірге ауқымды істерді жүзеге асыруда.

*****

Токио Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті COVID-19 індетін жұқтырғандың санына қатысты жаңа мәлімет жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ресми дерек бойынша Олимпиадаға қатысатын 19 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 3-еуі шетелдік спортшылар. Біреуі Олимпиада қалашығында тұрып жатыр. Жалпы 1 шілдеден бері жүзден астам қызметкер, атлет пен ресми тұлға індетке шалдыққан. Айта кетейік, осының алдында Чехия құрамасының алтыншы спортшысынан COVID-19 табылған болатын.