Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жарты жылдықтағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды. Министр Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілген. Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 процентке өскен. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство басшысына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жергілікті жолдарды дамыту және қайта жөндеу жұмыстары, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы туралы маңызды міндеттер бар. 

*****

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Осыған дейін «сары» аймақта болып келген Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті. Қазір «сары» аймақта тек Түркістан облысы тұр. 

***** 

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Соған байланысты 26 шілдеден бастап Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлікке; сауда және ойын-сауық орталықтарына , қоғамдық тамақтану объектілеріне, фитнес-орталықтарға, бнктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына, діни нысандарға жұмыс істеуге тыйым салынған. Жұмыс күндері Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерікешкі сегізге дейін, ал Ashyq жобасына қатыспайтындар сағат беске дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. 

*****

Токио Олимпиадасының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бүгін Токиода спорттың жеті түрінен 13 қазақстандық атлет сынға түседі. Оның ішінде велоспорт, дзюдо, теннис, бокс, спорттық гимнастика, жүзу мен үстел теннисі бар. 

*****

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. 60 келі салмақта сынға түсетін Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен кездесті. Белдесу барысында Елдос алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Енді Елдос Олимпиаданың жартылай финалында белдеседі. Оның қарсыласы - жапондық Наохиса Такато. 

***** 

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол бірінші кезеңде қытайлық Ли Янаньмен кездескен. Осылайша Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады. Ол Рио олимпиадасында қола жүлдегер атанған еді.