Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін ауыл әкімдерін сайлау алдындағы «тыныштық күні»

Бүгін ауыл әкімдерін сайлау алдындағы «тыныштық күні»

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті. Үкімет басшылары сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Тараптар Тәжікстан Республикасы биылғы 24 шілдеден бастап Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тараптары 2021 жылғы 16 маусымда қол қойған хаттамада келісілген көлемдерден артық секундына 50 метр куб «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстан Республикасына қосымша су жіберуді бастайды деп уағдаласты. 

*****

Бүгін шілденің 24-і – ауыл әкімдерін сайлау алдындағы тыныштық күні. Елде қандай да бір сайлауалды үгіт-насихатты жүргізуге тыйым салынған. Бұл талап ертең таңғы сағат жетіге дейін орындалуы тиіс. Дәл осы уақытта дауыс беру учаскелері ашылады. Биыл алғаш рет азаматтарымыз жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау 730 елді мекен аумағында ұйымдастырылады. ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің хабарлауынша, ел бойынша сайлауға қатысу үшін 2582 адам өз кандидатурасын ұсынған. оның 2297-сі қажетті тіркеуден өткені белгілі. Ресми деректерге сүйенсек, 6 саяси партиядан 878 адам ұсынылды, ал 1419-ы өзін-өзі ұсынғандар. 

*****

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биылғы жарты жылдағы жұмысын қорытындылады. Биыл ведомство 874 тергеу жүргізіп, оның ішінде 694 іс сотқа жеткен. 101 лауазымды тұлға ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Антикордың мәліметі бойынша жыл басынан бері 486 тұлға сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған. Оның ішінде 116 адам - пара алғаны үшін, 211 - пара бергені үшін, 12 –сі делдал болса, 33 адам - бюджет қаржысын жымқыру, 32 - қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталған. 

*****

Елордада демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын мекемелер де жұмыс істемейді. Жаңа қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді. Қаулыдағы шектеу шаралары тіпті вакциналау бекеттері орналасқан ғимараттарды да қамтып отыр. Қаулыда сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмыс режимін ғимарат ішінде вакциналау бекеттерінің болғанына қарамастан жұмыс күндері сағат 10*нан кешкі 5-ке дейін, сенбі және жексенбі күндері мүлдем тыйым салу туралы жазылған. 

*****

Қазақстандықтарға 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін «Путешествую без COVID-19» мобильді қосымшасы қажет. Бұл жайында Ресейдегі Қазақстан елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресей Федерациясы Үкіметінің 20.07.2021 жылғы №1998-р бұйрығына сәйкес ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек. Жаңа ережелер 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстаннан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады.