Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде ауыл әкімін сайлау науқаны аяқталды

Елімізде ауыл әкімін сайлау науқаны аяқталды

Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ сілтеме жасап. Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылады. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.

*****

Қазақстан бойынша 730 елді мекеннің әкімін анықтайтын сайлау мәресіне жетті. Заң бойынша сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Жергілікті сайлау комиссияларының дерегі бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 9 өңірінде сайлау учаскелері жабылды. Ал сағат 21.00 кезінде бүкіл республика бойынша дауыс беру аяқталды. Осылайша, кезекті сайлау науқанына орай ашылған 14 өңірдегі 1847 сайлау учаскесі жұмысын қорытындылады. Елдегі 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Соның 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Яғни, сайлау заңнамасындағы жаңа мүмкіндікті 1419 адам пайдаланып отыр. Сондай-ақ 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған.

*****

 «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде заманауи визит-орталық пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап. Нысан құрылысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің инвесторлармен кездесуінде талқыланды. Сондай-ақ парк аумағында глэмпингтер, кемпингтер, тамашалау алаңдарын, демалуға арналған орын және автотұрақ пайда болады. Экотуризмді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес ұлттық паркте қауіпсіз туристік маршруттар мен соқпақтарды дамытуға, туристік объектілерді күрделі құрылыстарсыз орналастыруға ерекше мән беріледі. Мағзұм Мырзағалиев «Айғайқұмнан» 1,5 км қашықтықта орналасқан Ш.Уәлиханов бұлағына да барды. Бұлақ қазақтың ұлы ғалымы, этнографы және зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың есімімен аталған. Сапар соңында ЭГТРМ өкілдері Іле-Алатау МҰТП-дағы «Аюсай» визит-орталығына барды. Аталған нысанды экотуризмді дамыту жобасы аясында «Туранга Групп» ЖШС салған болатын. Қазір мұнда глэмпингтер, кемпингтер саны артып келеді. Сондай-ақ министр экобелсенді, еріктілермен кездесіп, саланы дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Айта кетейік, 2020 жылы Іле-Алатау МҰТП мен компания арасында жалпы ауданы 35 га болатын парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану шарты жасалды, жобаға 4 жыл ішінде 12 млрд.теңгеге дейін инвестициялау жоспарлануда. 7 визит-орталық, 155 км жаяу жол, 2 кемпинг, этноауыл, Керуен және 10 глэмпинг салынады.

*****

Бlue Origin зымыранымен ғарышқа ұшқан әлемдегі ең бай адам Джефф Безос астронавт атағын алмайтын болды, деп хабарлайды Хабар 24. Ол ғарышқа ұшатын күні АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы 17 жылда алғаш рет критерийлерге өзгерістер енгізген. Жаңа ережелерге сәйкес, ғарышкер атағын алу үшін ғарыштық турист экипаж мүшесі болып, барлық біліктіліктерден өтуі тиіс және жерден 80 км биіктікке көтерілуі керек еді.