АҚШ-та алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті

2021 жылы 19 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz. Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қон, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктерден бөлек халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін өткізіп беру арқылы қайта құрылымдалады. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру бойынша Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін өзіне өткізіп алды.
*****
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірдегі 2 922 орындық инфекциялық стационарларда 1 325 науқас емделіп жатыр. «Инфекциялық стационарлардағы жүктеме 45,3%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланған. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір мұндағы жүктеме 68,4%-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
*****
АҚШ-та тарихта алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» vokrugsveta.ru сілтеме жасап. «Медициналық ғажайыпты» Дьюк университетінің мамандары жасап шығарды. Протез Францияда ойлап табылған. Қайта зарядталатын батареялары бар құрылғы төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады. Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 кг. Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі – стационарлық жабдық қажет емес. Көрсеткіштерді арнайы датчиктер бақылайды, олар адам ағзасындағы тұрақты қан айналымын сақтайды. Жасанды жүректің қызмет ету мерзімі алты айдан аспайды, сондықтан толыққанды донорлық орган қажет болады. Протез трансплантация үшін кезекте тұрған көптеген адамды құтқара алады. 39 жастағы Мэтью Мур есімді науқас осыған дәлел. Денсаулығы нашарлаған оған осы жасанды жүрек салынды.
*****
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов елге оралды. Оны әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, дзюдошыға су жаңа теміртұлпарды сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елдос Сметовты күтіп алу салтанатына қазақ эстрадасының әншілері, айтыскер ақындар және Олимпиада жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы да келді. Шәкіртінің жетістігіне шаттанған жаттықтырушы қуаныштан көзіне жас алды. «Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентай кезімнен мені өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім», - деді Елдос Сметов. «Олимпиада өте керемет өтті. Залдың бос болғаны біз үшін ыңғайысыз болды. Ең қиын болған белдесу ол – ақтық сайысқа жолдама берілетін финалдық белдесу. Осылай бұйырып тұр екен. Осының өзіне қуаныштымын. Менің елім, жерім, халқым үшінші орынды бірінші орын ретінде қабылдап, мені Олимпиада чемпионы ретінде күтіп алды», - деді екі дүркін Олимпиада жүлдегері.