Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық шенеуніктердің Сингапур банктерінде 1 млрд.қа жуық теңгесі сақталған

Қазақстандық шенеуніктердің Сингапур банктерінде 1 млрд.қа жуық теңгесі сақталған

Қазақстандық шенеуніктер Сингапур банктерінде 952 млн теңгені сақтап отыр. Ресейдегі жинақтары 476 млн-ға жетеғабыл. Ал, Лихтенштейн Княздігі банктеріндегі ақша 426 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ олардың Ресейде 181 жылжымайтын мүлкі бар. Тағы 6 нысан Түркияда, бесеуі Болгарияда. Жалпы 465 мыңнан аса жеке тұлға табысы мен дүниесі бойынша декларациясын жария еткен. Қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен соған теңестірілген және олардың жұбайлары бар.

Бұдан бөлек 333 шенеунік шетел мемлекеттерінде құзырлы органдарға тіркелген 392 көлігі туралы мәлімет ұсынған. Бірақ Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ондай ақпарат жоқ. Өйткені біздің елдің салық заңына сай декларацияда ашықтық талабы ескерілмеген дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.  


Дереккөз:  Qazaqstan.tv