Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Белгілі режиссер Болат Атабаев өмірден озды

Белгілі режиссер Болат Атабаев өмірден озды

Қазіргі уақытта елімізде 90 767 адам коронавирус инфекциясынан (88 495 КВИ+ және 2 272 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 573 адамның жағдайы ауыр, 154 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Осы уақытқа дейін 5 275 626 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырған. Сондай-ақ КВИ-ге қарсы вакцинаның II компонентін 3 535 508 адам алған.Түркістан облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта тұр.

*****

Өзбекстан Президенті эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрғанына байланысты халықты белсенді түрде вакцина алуға шақырды. Бұл туралы ел Президенті Шавкат Мирзиёевтың төрағалығымен өткен бейнеселекторлық жиналыстың қорытындысында айтылды. «Мені әлемнің жетекші ғалымдарының зерттеуі қызықтырды: олардың бағалауынша, коронавирус пандемиясы 10 жылға созылмақ. Бізге осы вируспен өмір сүріп үйрену керек. Аурудың таралуы тағы да күшейді. Мұндай қиын жағдайда азаматтардан батыл шешімдер қабылдау талап етіледі, сол себепті барлығына вакцина алу керек», - деді Өзбекстан президенті. Ол үкіметтің әр азамат үшін күресетінін және бұл іске керекті қаражатты жұмсайтынын атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың да өз өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін еске салды. «Вакцина алғандар ауруханадан төрт күн ішінде шығып жатыр, ал екпе алмағандар қатты ауыруда. Иә, вакцина алғаннан кейін де ауруды жұқтыруыңыз мүмкін, алайда бұл жағдайда ауру жеңіл өтеді», деп атап өтті Шавкат Мирзиёев. Еске сала кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Өзбекстанда 28 шілдеден бастап карантиндік шаралар күшейтілді. 17 шілде күні Коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия 18 жастан жоғары сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және білім саласындағы азаматтарды, сонымен қатар әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін міндетті вакциналау туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасының Парламенті халықтың жұмыс істейтін бөлігін міндетті вакциналау туралы заң жобасын қарастыруда.

*****

Қазақ театры орны толмас қазаға ұшырады. Белгілі режиссер Болат Атабаев өмірден озды. Бұл туралы хабарды қоғам белсенділері әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды kznews.kz. Болат Манашұлы Атабаев режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі болған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», А.Закстың «Өз ошағың» драмаларын, В.Гейнцтің «Жүздеген жыл толқын дарын да», «Адамдар және тағдырлар» тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың «Қос мұңлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», сондай-ақ И.Оразбаевтың «Шыңғысхан», М.Метерлингтің «Соқырлар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», А.П. Чеховтың «Шағала», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», М.Әуезовтің «Қарагөз», т.б. спектакльдер қойды.

*****

Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге, сондай-ақ олармен байланыста болатын қызметкерлерге вакцина алуды міндеттеді. Бұл туралы Deadline хабарлады. Netflix коронавирустың таралуына қарсы күресте осындай шараны енгізген Голливудтағы алғашқы студия болып табылады. Компанияның бұл талабы студиялық жобалардың түсірілім тобының басқа да мүшелеріне қатысты. Басылымның хабарлауынша, Netflix медициналық, діни немесе басқа себептер бойынша вакцинаны алмауға рұқсат етуі мүмкін.