Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды тек алдын ала брон бойынша қабылдайды. Бұл туралы ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясының хабарлауынша, ХҚО-ның жұмыс кестесі де қысқартылды, фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынады. Еліміздің барлық облысында ХҚО-тары бес күндік жұмыс кестесіне өтті, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Халықтың көпшілігін қамту және брондау мүмкіндігін қолжетімді ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерде қызмет көрсету уақытын 20 минуттан 15 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Нақты айтқанда, бір қызметкер бір сағат ішінде 4 клиентке қызмет көрсете алады. Ғимаратқа «Ashyq» қосымшасы арқылы кіреді.

*****

Елордадағы «Абу-Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталығында «Stop Covid» акциясы аясында студенттер вакцина салдырды. Қыркүйек айында оқу дәстүрлі форматта басталады. Ал ЖОО талаптарына сәйкес, студенттер оффлайн форматта оқуы үшін вакцина алуы қажет. Осыған орай студенттер вакцина салдыруда. Елордада аталған акция апта соңына дейін жалғасады. Жалпы алғанда елордада 51 мыңға жуық студент бар. Бүгінгі акция бойынша түрлі ЖОО-нан 70-ке жуық студент келіп «Спутник-V» вакцинасын алды. Акция алдағы уақытта «Stop Covid» акциясы өзге қаладағы студенттерге эстафета ретінде жолданады.

*****

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы сотталған балалар оқитын ерекше режимдегі мектептен 2 тәрбиеленуші қашып кетіп, аудан тұрғынының көлігін айдап әкеткен. Жолай көлікті арзан бағаға сатқан олар «Өскемен-Алматы» тасжолы бойынан ұсталды. Екеуі негізінен ұрлық, алаяқтық және бөтеннің көлігін айдап кету баптары бойынша сотталған. Қазір пробациялық қызметтің бақылауында жүр. 

*****

Қазақстандық олимпиадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып барды. Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері деп хабарлайды Olympic.kz. Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген. Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болды. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жетті. Жеңіл атлетика бойынша бәсекелер 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова да шығады. 

*****

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Olympic.kz. 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын. Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды. Айта кетелік, бұған дейін төрт қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтады.