Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Құтқарушылар 2925 балаға жүзуді үйретті

Құтқарушылар 2925 балаға жүзуді үйретті

Қалалық жағажайларда шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайлары жабдықталған, онда құтқарушылар шомылу маусымының барлық кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады. Қазіргі уақытта 4625 бала жүзу дағдыларын меңгерді.

«Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл, Солтүтстік Қазақстан облыстарында балаларды стационарлық бассейндерде жүзуге тегін оқыту ұйымдастырылған. Осы мақсатта қазіргі таңда қосымша 42 қаңқалы модульдік бассейн сатып алынды және орналастырылды», - деді Сыздықов.  

Жалпы, шомылу маусымы басталғаннан бері 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. Бұл ретте 41 адам белгіленбеген жерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Өкінішке орай, жүргізілген профилактикалық алдын алу іс-шараларына қарамастан қайғылы оқиғалар орын алуда. Биыл 20 шілдедегі жағдай бойынша су айдындарында 312 адам суға кетті, оның ішінде 109 бала. Жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% өсті. Оның ішінде балалар өлімі 31% артқан. Шомылу маусымы басталғалы, 1 маусымнан бері 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып, қайтыс болды», - деді спикер.