Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл марапат аты аңызға айналған әншіге отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін беріліп отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

*****

Мемлекет басшысы Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын ел құрамасын қабылдап, оларға сәттілік тіледі. Биылғы жарыс 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Сайысқа еліміздің атынан 25 спортшы қатысады. Олар спорттың 7 түрінен ел намысын қорғамақ. Қазір Қазақстанда паралимпиадашыларға қолдау ерекше. Ел бойынша 20 мыңнан астам спортшы бар. Олардың 500-ден астамы ұлттық құрама мүшесі. Бұл спортты дамыту үшін өңірлерде 16 арнайы клубтар мен мектептер жұмыс істеп жатыр. 2008 жылы Елордада паралимпаиадаға арналған жаттығу орталығы да ашылды.

*****

Ал Токио Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 56-орында келеді. Жерлестеріміздің қанжығасында әзірге 3 қола медаль бар. Көш басында Қытай құрамасының спортшылары. Оларда 16 алтын. Жарыс қожайындары қалысар емес. Жапония спортшылары да 15 алтын медальді еншілеген. Ал ең көп медальді иемденген АҚШ үздік үштікті түйіндеп отыр. Дегенмен оларда алтын медаль саны 14.

*****

Бүгін Токиода d финалында ерлер арасында академиялық есуден финалдық жарыс аяқталды. Бағдарламаның осы түрінде Қазақстанды Владислав Яковлев таныстырды. Жүзудің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 7:03.37 уақыт көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды. Еске сала кетейік, D тобындағы спортшылар өзара 19-24 орынға таласты.

*****

Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер сынға түседі. Әйелдер арасында үш қарғып секіруден іріктеу кезеңіне Мария Овчинникова, Ирина Эктова, Ольга Рыпакова шығады.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 7778 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды. Ең көбі Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Қарағанды облысыныда тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 564885 ке жетті.

*****

Елімізде вирус қатты таралып жатқан өңірлер енді «қою қызыл» сызықпен белгіленбек. Бас санитар Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, жұқпалы төсек-орындардың 70 пайызы толған және 100 мың адамның 200-ден астамы ауруханаға жатқызылған аймақтар осылай белгіленеді. Бұл тізімге енген Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап кәсіп нысандары «Ashyq» жобасын енгізбесе, жұмысы тоқтатылады. Спорттық шараларға тыйым салынады. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерінің 80 пайызын қашыққа көшіруі керек.

*****

Дегенмен, Ерлан Қиясов Ashyq жобасына қатыспайтын бірқатар мекеменің жұмысына рұқсат берді. Нақтырақ айтсақ, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, туристік компаниялар мен бизнес орталықтарына, қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі.

*****

Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды. Стрит-арт жоба радиоарнаның директоры Дулат Абибуллаев пен елорда әкімдігінің бастамасымен, сондай-ақ қалалық урбанистика орталығының көмегімен жүзеге асырылды. Онда Мәңгілік Ел идеясы бейнеленген, ол Қазақ радиосының ғасырлық тарихи эволюциясымен ұштасқан. Мурал қаланың көрікті жерінде, Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан.