Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қою қызыл» аймақтағы өңірлер: Қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

«Қою қызыл» аймақтағы өңірлер: Қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысымен «қою қызыл» аймаққа кірген облыстарда 2 тамыздан бастап шектеу шаралары күшейтілетін болды.

«Қою қызыл» аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін», - деп көрсетілген қаулыда.

Дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін уақытша тоқтатылады;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы қашықтан жұмыс істейді.