Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мүфтият қазақстандықтарды вакцина салдыруға үндеді

Мүфтият қазақстандықтарды вакцина салдыруға үндеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды muftyat.kz.

ҚМДБ мәлімдеуінше, Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. «Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі», - делінген мәлімдемеде.

ҚМДБ мәлімдеуінше, әлемде және елімізде пандемиялық жағдай күн сайын күрделенуде.

«Жұқпалы дерттен бір отбасында бірнеше адам жан тапсыруда. Бұл жағдай екпе салдыруға қатысты оң шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Осы ретте халықты барынша сақтанып, денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндейміз. Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін! Әмин!», делінген үндеуде.