Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты

Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты


Бүгін Олимпиадада бокстан 52 кг салмақта Сәкен Бибосынов Франция өкілі Биллаль Беннамамен кездесіп, келесі айналымға жолдама алды. Жерлесіміз жігерлі ойын көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 5-0.
    Тағы бір жерлесіміз 63 кг салмақта Закир Сафиуллин қарсыласы жапондық Дайсукэ Наримацудің жарақат алып, рингке шығудан бас тартуына байланысты ширек финалға автоматты түрде өтті. Боксшыларымызбен қатар, теннисші Елена Рыбакина да сәтті ойын көресетіп жатыр. Қазір жерлесіміз Украина өкілі Элина Свитолинаға қарсы ойнап, қола медальға таласуда. Әзірге 1 сет аяқталып, есеп жерлесіміздің пайдасында 6-1. Бұл ойынды Қазақстан ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқанын естеріңізге саламыз.

*****

Демалыс күндері Елордаданың бірқатар кәсіпкерлік нысандары жұмыс істемейді.
 Қаланың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кей обьектілер қысқартылған жұмыс режиміне көшті. Сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары келушілерді қабылдамайды. Ал тапсырысты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады. Мейрамханалар, кафелер дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл ретте «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

*****

Атырау қаласында карантиндік шектеу күшейтіледі. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы бар Сауда үйлері мен СОСО, сауда желілеріне жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, жобаның көшбасшыларына сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. СОСО-да орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Жаңа қаулы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.

*****

 Шығыс Қазақстан облысында қазан айына дейін 747 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алады деп күтілуде. ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Рахымбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда өңір бойынша 420 мыңнан астам адам екпенің бірінші компонентін алған. Ал екінші компонент 288 мың адамға егілді. Тағы 145 мың вакцина жеткізу жоспарланған. Оның ішінде 10 мың дозасы отандық «QazVac» екпесі-, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

*****

Қостанай облысында биыл құрғақшылықтың кесірінен егіс алқаптарының 20 пайызы күйіп кеткен. Әсіресе оңтүстік аудандарда жағдай мүшкіл. Биыл облыс бойынша 4 млн гектарға жуық алқапқа бидай егілген. Соның 40 пайызының жағдайы осындай. Яғни шығымы өте төмен, немесе мүлде күйіп кеткен. Тек үш пайызында ғана бидай бітік өскен.Алайда заманауи технологияларды қолданудың арқасында, құрғақшылыққа қарамастан егіні бітік шыққан шаруашылықтар да бар.

*****

Жамбыл облысының жұртшылығы құрғақшылықтан зардап шегіп отырған Сыр еліне 33 тонна шөп жөнелтті. 16 вагонға тиелген мал азығы Тараз, Шу, Жаңатас қалалары мен Луговой теміржол стансаларынан жолға шықты. 16 мың түк шөп Қызылорда облысындағы Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жетеді.