Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақмола облысында карантин шараларын бұзған 12 жағдай анықталды

Ақмола облысында карантин шараларын бұзған 12 жағдай анықталды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-тің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін айтты. Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55, реанимациялық төсектердің жүктемесі 47%. Дегенмен Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысы төмен екенін жеткізді. Кеңесте 2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеп, қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту тапсырмалары берілді.

*****

Батыс Қазақстан облысына Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, вакцина 18 жастан асқандарға арналған. Ол емханаларға жеткізілді. Бүгінге дейін облыста 185 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасының бірінші, 141 мыңнан астамы екінші компонентімен егілді. Өңірде тұрғындарды вакцинациялау жалғасып жатыр. Айта кетейік, қазір өңірде коронавирус жұқтырған 3 мыңға жуық науқас амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр.

*****

Ақмола облысында мониторинг топтары карантин шектеуін сақтамағандарды анықтап жатыр. Соңғы аптада 442 нысан тексерілді, оның 12-де карантин шаралары бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, шектеу шараларын бұзу Бұланды (5), Бурабай (2), Қорғалжын (2), Зеренді (1) аудандарында, сондай-ақ Степногорск қаласында (1) анықталып отыр. Осыларға қатысты 9 әкімшілік айыппұл салынды. «Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі, күніне 200-ден астам жағдай тіркеліп, тиісінше ауруханаға түскендердің саны артуда.», - делінген таратылған ақпаратта.

*****

«Хаос. Тәртіпсіздік. Белгісіздік. Және қорқыныш». Бас хатшы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы жағдайды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдында сөйлеген сөзінде осылай сипаттады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәліптер Кабулды басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен басқа да ресми адамдар елден кетті. Мыңдаған адам үйлерін тастап, Ауғанстаннан кетіп жатыр. Олар «Талибан» басып алған жерлерінде орнатқан зорлық -зомбылық пен қатаң тәртіптен қашуға әрекеттенуде. Осы қиын сәтте мен барлық тараптарды, әсіресе, «Талибанды» барынша ұстамды болуға шақырамын», - деді Гутерриш.

*****

Ертең ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, тек ел шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Атырау облысында қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде де күн ыстық болады.