Жамбылдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды",- деп жазды мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатқанын және қылмыстық іс қозғалғанын айтты.