Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдады

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде 35 қандасымыз, Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және елімізде тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады. Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды. Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста», делінген СІМ-нің хабарламасында. Министрліктің мәліметінше, қазір өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмысы жалғасып жатыр.

*****

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдады. Елордада ұйым Бас Ассамблеясының төртінші сессиясы өтті. «Пост-пандемиялық әлемдегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының азық-түлік жүйелері» тақырыбымен өткен онлайн шараға Ұйымға мүше 36 мемлекет және ұйымның 56 елінен жалпы 150-ден астам делагат қатысты. Шара барысында Түркия Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты Қазақстанға бір жыл мерзімге тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде ИЫҰ азық-түлік жүйесін дамыту, бекітілген бағдарламаларды іске асырудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету, ұйымның гуманитарлық бағдарламалары, ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері сияқты аспектілердің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның алдағы төрағалық ету кезеңінде берілген бағыттар тұрақты жалғасатынын жеткізді.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 4024 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды. Ең көбі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 832248 ге жетті. Оның 747978-і жазылды. Күні кеше 6169 науқас емделіп шықты.

*****

 Батыс Қазақстан облысының мектептерінде 31 сынып карантинге жабылды. Оқу жылы басталғалы 114 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың 56-сы қала мектептерінде оқиды, қалғаны – ауыл-аймақта. Дерт жұқтырған балалардың сыныптастары 14 күн үйде оқшауланады. Сабақтарын онлайн оқиды. Егер үйде ата-анасы ауруға шалдықса, баланы мектепке жібермеуі керек,-дейді дәрігерлер.

*****

БҚО Ақсай қаласында 4 адам вахталық жұмысқа жалған вакцина құжатымен келген. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адамға 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, жалған вакцина құжатын пайдаланғандар мыңдаған адам жұмыс істейтін нысанда қызмет атқарған. Осылайша олар басқалардың өміріне қауіп төндірген. Соңғы тәулікте Батыс Қазақстанда 98 адамның коронавирусқа қарсы шалдыққаны белгілі болды.

*****

Солтүстік Қазақстандағы сібір жарасының ошағы тіркелген Ақжар ауданы 25 тамыздан бері карантинге жабылған. Аурудың таралуына жол бермеу үшін бұған дейін аудан 4 аймаққа бөлінген болатын. Әзірге жаңа жағдай тіркелген жоқ. Горьковское ауылындағы топырақ пен судан алынған сынамадан инфекция қоздырғышы табылмаған. Ал бірнеше ай бұрын қара малды сою кезінде тырысқақ жұқтырған ер адам ауруханаға түскен еді.

*****

Келесі аптада елде декларация тапсырудың мерзімі аяқталады. Кірістер комитетінің мамандары активтер мен өзге де мүлікке қатысты деректерді 15 қыркүйектен кешіктірмей өткізуді ескертеді. Биыл қаңтарда жалпыға бірдей декларацияны енгізудің бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы сонымен бірге бірқатар мемлекеттік функцияны орындайтын азаматтар декларация толтыруға міндеттелген. Егер ескертуден кейін де декларация уақытында тапсырылмаса, 43 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды.