Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

М. Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды

М. Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды.

*****

ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл байынша Мемлекетаралық Кеңестің VI отырысы онлайн форматта өтті. Аталған кеңеске қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді. Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Кеңес төрағасы болып сайланды. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары мен мамандандырылған органдарының басшылары қатысты.Марат Ахметжанов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты оның барлық түрінде жоюға бағытталған мақсатты бағыт ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қылмыстық процесті жаңғыртуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарға және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, әріптестерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

*****

Қазақстанда мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры дайындалып жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен Antikor Live жобасының эфирінде айтты. Сондай-ақ, басқарма төрағасы мемлекеттік қызмет алуда қағазбастылық азая түсетінін жеткізді.

*****

«Шыны керек, қағазбастылық адамдарды қызмет алудың жеңіл жолын іздеуге итермелейді. Сондықтан біз қызмет алуда сұралатын құжаттар мен анықтамалардың санын барынша қысқартумен айналысып жатырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай: «Адамдар емес құжаттар жүгіруі тиіс». Яғни адамдар белгілі бір құжат немесе анықтама алуы үшін есіктен есікке жүгірмей, біріктірілген ақпараттық база арқылы бір жерден алуы тиіс. Осылайша қағазбастылық азая түседі. Бүгінде Ақтөбе облысында мемлекеттік жер телімдерін жекеге өткізу, жалға беру, акцион арқылы сату қызметтерін Egov порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр. Пилоттық жобаны облыстық әкімдікпен бірлесіп жасадық. Жоба сәтті жүзеге асса, басқа өңірлерде де іске қосылады. Сондай-ақ, елімізде бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры әзірленіп жатыр. Ол бойынша жерге қатысты барлық мәлімет пен қызмет цифрландырылып, қызмет бірыңғай мемлекеттік портал арқылы ұсынылады.

*****

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов атап өткендей Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет алуға келушілердің қарасы азаймай тұр. «Былтыр пандемияға байланысты ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) мен фронт-кеңселердің жұмыс уақытын қысқартып, тіпті онлайнға ауыстырдық. Халықтың Электронды Үкімет порталы, Call орталыққа хабарласу және біздің мамандармен бейнебайланыс арқылы қызмет алу мүмкіндігі болды. Жай уақытта еліміз бойынша күніне ХҚКО-на 70 мың адам келіп-кетеді. Осы тұста біздің мақсат – халықтың келуін азайтып, қызметті онлайн түрде қолжетімді ету. Сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болуы үшін фронт-кеңселерден өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды. Бізге келушілерге қызмет алуды бір рет көрсетіп одан әрі келудің қажеті жоқтығын түсіндіріп жатырмыз. Дегенмен ХҚКО-ғындағы кезек азаймай тұр», - деді Әділ Қожықов. Оның сөзінше, бүгінде көп қызметті онлайн алуға болады.

*****

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

*****

Сонымен қатар, оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. азамат Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы жылдың ақпан айында ол 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды еді.