Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауғанстанда халық тәліптерге қарсы шеруге шықты

Ауғанстанда халық тәліптерге қарсы шеруге шықты

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында карантин талаптары жеңілдетіледі. Жолаушылар ағынын азайту үшін қарбалас уақыттарда қоғамдық көліктер көбейеді. Сондай-ақ ұлттық құрамалар мен топтарға спорттық жаттығумен айналысуларына рұқсат етіледі. Ұлттық банк пен қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің уақыт пен адам санын шектеу актісіне сәйкес қаржылық ұйымдар да қызмет көрсете алады. Бұдан бөлек «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық білім бе ру және сауықтыру орталықтарының да жұмысы жанданады.Тек өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескеруі керек. 

*****

Түркияда коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін 40 миллион тұрғын салдырды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін жүз бір миллионнан астам доза пайдаланылған. Мугла, Эдирне және Чанаккале провинциялары белсенділік танытқан. Бірінші дозаны әзірге 51 миллион адам салдырған. Бұл халықтың 80 проценті. 

*****

Ауғанстанда халық тәліптерге қарсы шеруге шықты. Тәліптер шеруді күштеп таратты. Жергілікті телеарнаның бір тілшісі жарақат алып, оның операторы соққыға жығылған. Тәліптер билікке келгелі Ауғанстан әйелдері зәбір көре бастаған. Мемлекеттік мекемелер мен сауда ұйымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қызметін жалғастыра алмай, нәпақасынан айырылды. Осыған орай өткен аптада ауған әйелдері бірнеше қалада көшеге шықты. Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер, әйелдерге жұмыс істеу құқығын беру және қыз-келіншектерді жаңа үкімет құрамына қосуды талап етті. Оларды тарату үшін тәліптер әуеге оқ атып, көз ашытатын газ шашты.

***** 

Шымкентте нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. Пневматикалық тапаншамен 10 метрге 60 рет нысана көздеуден қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Екінші орын Сауд Арабиясының өкіліне, үшінші орын таиландтық спортшыға бұйырды. Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады. 

*****

Ресейдің Новосибирск қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Александр Нестеренко мемориалында қазақстандық Аманғали Бекболатов жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. Аманғали финалда Ресей чемпионы Довуджан Тошевпен кездесіп, жеңіске жетті. 

*****

Қазан қаласында өтіп жатқан бірінші ТМД ойындарында көркем гимнастика шеберлері Қазақстан қоржынын екі медальмен толықтырды деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл сында Қазақстан намысын Милана Парфилова мен Айым Мейіржанова қорғады. Айым ұршықпен жаттығуда қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ Милананың да еншісінде қола жүлде бар. Ол доппен жаттығуда үздік үштікке енген.