Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің м. а., кеңесшісі қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.


Дереккөз: https://primeminister.kz