Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұр-Сұлтан қаласындағы халық саны 1 млн 212 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтан қаласындағы халық саны 1 млн 212 мыңға жуықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетсек, Ерлан Қожағапанов бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылған. 

*****

Еліміздегі 5 өңір «сары» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар. «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

*****

Биыл су көлігімен заң бұзу оқиғалары айтарлықтай азайды. «Скутер» акциясы аясында жүргізілген тексерулер барысында ең көп құқық бұзу оқиғалары Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында анықталды. «Барлығы 2 мыңнан астам шағын көлемді кеме тексеріліп, 624 әкімшілік құқық бұзу жағдайы анықталды. Биыл тіркелген көлік оқиғалары мен өлім-жітім саны өткен кезеңмен салыстырғанда 55%-ке төмендеген. «Биыл 3 көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмған. 

*****

Нұр-Сұлтан қаласындағы халық саны 1 млн 212 мыңға жуықтады. Жыл басынан бері бас шаһарда 14 мың сәби дүниеге келген. Сонымен қоса, осы 6 айда елордаға 13 мыңнан астам адам қоныс аударған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бас қалада қазір әйел адамдардың үлесі басым – 52 процент, ерлер – 48 процент. 

*****

Танымал археолог Андрей Астафьев осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды. Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан. Археологтың мәліметінше, кеме 18-ші ғасырдың аяғында Каспий теңізінде жүзіп жүрген жерінен апатқа ұшыраған. Жылдар өте теңіз деңгейінің өзгеруімен құрлыққа шығып қалған. Андрей Астафьев бұл олжасын Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына өткізді. 

*****

Ұлыбритания тұрғындарға түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларға бару құқығын беретін вакцинация паспортын енгізуден бас тартты, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид мәлімдеді.Мекемелер мен парламент депутаттары сынға алған бұл жоспар қыркүйектің аяғында енгізілуі тиіс еді. Жоспарға сәйкес Англия тұрғындары клубтарға немесе басқа да қоғамдық шараларға кіреберісте COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткенін растайтын құжатты ұсынуы керек болған. Іс-шараларға барудың тағы бір мүмкіндігі - ПТР-анықтамасын ұсыну. Үкімет мұндай паспорттарды енгізу мүмкіндігі қосалқы нұсқа ретінде қалатынын айтты.