Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында балаларды қорғауға арналған заң жобасы қаралды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында балаларды қорғауға арналған заң жобасы қаралды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында балаларды қорғауға арналған заң жобасы қаралды. Мәжіліс депутаты Динара Зәкиеваның айтуынша, құжатта қолданыстағы заңнамаға балалардың әл-ауқатына қатысты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Депутат жасөсірімдер арасындағы суицид мәселесіне ерекше назар аударып, еліміздің бірқатар өңірлерінде мұндай оқиғалар көбейгенін айтты.

///

Дәрігерлер балалар арасында коронавирус індетінің күрт артқанын айтып, дабыл қағып отыр. №36 Алматы қалалық емханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Досжанның сөзінше, бүгінде инфекция жұқтырған балалар саны бес есе өскен. «Егер өткен жылы 5-12 жас аралығындағылар ауырса және бұл балалардың шамамен 40 %-ы болса, бүгінде індетті нәрестелерден бастап 18 жасқа дейінгі балалар да жұқтырып жатыр. Оған себеп - ата-аналардың санитарлық ережелерді сақтамауы және вакцинация қарқынының төмендігі,- дейді дәрігер. Салдарынан ауыр деңгейдегі науқас балалар саны 20 есе өссе артқан. Маман әсіресе, созылмалы ауруы бар балаларға қиын соғатынын айтты,-деп хабарлайды Қазақпарат.

///

1 тамыздан бері тағы 21 елді мекенннің әкімі тікелей сайлау арқылы қызметке келген. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.

«Биыл 25 шілдеде еліміздің 730 ауылдық округінде алғаш рет әкімдердің тікелей сайлауы өткен. Бұл бір реттік науқан емес. Әкімдердің өкілетті мерзімі аяқталуына қарай сайлау басқа елді мекендерде де өтеді. Іс жүзінде апта сайын Қазақстанның қандай да бір өңірінде ауыл тұрғындары өз әкімін сайлайды. 1 тамыздан бастап тікелей дауыс беру арқылы тағы 21 ауылдық округтің басшылары сайланды. Сонда бүгінге дейін барлығы 751 ауылдық округте әкім сайлауы өткен», - деп жазды Президенттің көмекшісі. Оның айтуына қарағанда, сайланған әкімдердің 86%-ын саяси партиялар кандидат ретінде ұсынса, 14%-ы өзін-өзі ұсынған. «Сайланған әкімдердің 50%-ға жуығы – бұрын әкім лауазымында жұмыс істеп көрмеген жаңа тұлғалар. Жыл соңына дейін тағы 70-тен астам ауылдық округте әкім сайлауын өткізу жоспарланып отыр», - дейді Ерлан Қарин.

 ///

Жамбыл облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді. Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын барлық әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына рұқсат берілді. Оларға келушілер мен қызметкерлердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшылары — сағат түңгі 02.00-ге дейін қызмет көрсететін болды. Сондай-ақ, базарлар, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желісі объектілері аптаның барлық күндерінде жұмыс істей алады. Діни бірлестіктердің нысандарына 30 пайыздан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаң қамтамасыз етілген жағдайда ұжымдық ғибадат етуге рұқсат етілді. Бұдан бөлек, бүгіннен бастап Тараз қаласындағы бірқатар автобус бағыты сағат 22:00-ге дейін жүретін болады.

 ///

Алматы облысында мыңға жуық нысан Ashyq жобасынан шығарылды. Аймақта 8 933 нысан Ashyq пилоттық жобасын қолданады. Мониторинг тобы шағын және орта бизнестің 5 000-нан астам субъектісін тексеріп, қосымшаны дұрыс пайдаланбаған фактілерді анықтады. Тиісінше жобаның 997 қатысушысы Ashyq платформасынан шығарылды. Соңғы 3 айда облыста санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3159 адам анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 2 346 адам тіркелген. Оларға салынған жалпы айыппұл сомасы 3 млн 900 мың теңгеге жуықтаған.

///

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады. Ертең елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал жұмадан бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.